№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛДАРҒА НАҚТЫ ЖАУАП

ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛДАРҒА НАҚТЫ ЖАУАП


Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы тек тарихи құжат қана емес, бұл тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жоспарлы бағдарлама. Себебі, әрбір жаңашыл бастама бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарына қосылуға бағытталған. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдау халықтың тұрмыстық деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізері анық. Әр сала бойынша елдің экономикалық өсуі айшықталып, халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіру жұмыстары жаңғыратын болады.
Өзгерістерге бейімделуге үнемі дайын болу және білімдерді игеру – барлық қазақстандықтардың, әсіресе нұротандықтардың негізгі құндылығына айналуы тиіс. Партия Елбасының әрбір Жолдауына қолдау көрсетіп, міндеттемелерді межелі жүзеге асырып келеді. Оның айғағы ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы, бақытты балалық шақ» және басқа да жоба аясында жасалып жатқан игі істерді келтіруге болады. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» мақаласына негізделген «Тарлан тарих тағылымы» жобасын жүйелі жүзеге асыруда ілкімді істер бар. Жобаның мақсаты тарихты қайта жаңғырта отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани азық ретінде дем беріп, тарихи құндылықтармен таныстыруға арналған.
Сондай-ақ, бастауыш партия жаңғыру аясында бірқатар тың бастамаларды қолға алған болатын. Солардың қатарында ІТ қызметіне байланысты компьютерлік оқыту қызметі бар. Міне, қысқаша айтқанда Жолдау аясында атқарылып жатқан ауқымды істердің бағдары осындай.
Алдағы меже келесі жылға арналған Жолдаудағы тапсырмаларға жауапкершілікпен қарай отырып, тиянақты жүзеге асыру. Оған партия пәрмені қашан да жетеді. Өйткені, халықпен етене еңбек етіп, ел игілігі жолында қызмет қылу нұротандықтардың абыройлы міндеті.
Енді аз-кем Жолдау жүгіне назар салып көрейік. Ең бірінші көтерілген мәселе жалақының өсуі. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Сондай-ақ, Жолдауда білім, медицина және кәсіпкерлік бағытында байыпты бастамаларды жүйеледі. Әсіресе, жастарға басымдық беру тапсырылды. Яғни, келер жылды «Жастар жылы» деп атады. Бұл жастардың ертеңіне үлкен үмітпен қарап, өркениет көшіне ілесуіне мол мүмкіндік туғызып отыр. Әсіресе, кәсіпкерлікке бейім, белсенді азаматтарға келер жыл табысты жыл болатыны айқын. Тек оған жауапкершілікпен жұмыла жұмыс жасау міндеті тұр.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан партиясы» Жаңақорған
аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
13 қазан 2018 ж. 1 096 0