№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ – БАСТЫ БАҒДАР

БІЛІМ – БАСТЫ БАҒДАР


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаулары – стратегиялық құжат ретінде құнды. Яғни, бәсекеге қабілеттігін арттырып, елдің дамуында айқын бағыт-бағдар көрсетеді. Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында әлеуметтік саланың барлық бағыттарын қолдаудың маңызды міндеттері айқындалды.
Тарихи маңызы ерекше құжаттардың жалғасы ретінде халықтың табыс пен тұрмыс сапасын арттыруды байыптады. Демек, әлеуметтік салаға нақты бағдарланған, қазақстандықтардың әлеуметін арттырып, бәсекеге қабілеттілігін шыңдайтын жоба ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, бұған дейінгі Жолдауларымен өзектес, әрі заңды жалғасы ретінде тануға болады.
Бүгінде әлем шапшаң өзгеріп барады. Жаһан жаңа, қиын, күрделі кезең алдында тұр. Сарапшылар осындай мезетте халықтың әл-ауқатын жаңа сатыға көтеру үшін ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру, бюджет мекемелері қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға өсіруді ұтымды қадам деп бағалауда.
Жолдау қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басқаны шындық. Осы ретте, «Педагог мәртебесі туралы» Заңға бастамашыл болуы ұстаздар қауымын қатты қуантты. Бүгінде объективті және субъективті себептерге байланысты мұғалімдердің мәртебесі төмендеді. Көп жағдайда қолбалаға айналып, кез келген шаруаға алдымен мұғалімді жегетін жағдай қалыптасты. Енді педагог мәртебесі туралы заң қабылданғаннан кейін бұл мәселеде нақты өзгерістер бел алатынына сенемін.
Елбасы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламасында, мақаласы мен үндеулерінде айтылып келе жатқан мәселе – интеллектуалды ұрпақ мәселесі. Интеллектуалды ұрпақ мәселесін қозғаған кезде интеллектуалды ұлтты тәрбиелеу бағыты тұратыны белгілі. Сондықтан интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда, ұрпақ тәрбиелеуде педагогтардың маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Сондықтан, «...мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деді Президент.
Жолдаудағы орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды дегені құптарлық жағдай.
Өйткені, жастар заманауи мамандықтарды игеруі тиіс, ағылшын тілін меңгеруі қажеттілік.
Өз басым, жастардың ғылым, техника, ақпарат тілі – ағылшын тілін үйренуін қолдаймын. Сондай жағдайда мамандық таңдаудың көкжиегі кеңейіп, жастар бәсекеге қабілетті болар еді.

Болат ӘБЕН,
№223 мектептің директоры.
13 қазан 2018 ж. 1 443 0