№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҚЫРАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҚЫРАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Партияның облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы мен аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлы Жаңақорған ауданы, Қараш ауылдық округінде сайлаушылармен есеп беру кездесуін өткізді.
«Бірлік» бастауыш партия ұйымындағы «Қыраш ауылдық округі» топтық ұйымында өткен сайлаушылармен кездесу барысында фракция мүшесі бүгінгі таңға дейінгі Сайлауалды бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан бойынша бүгінгі таңға дейін Сайлауалды бағдарлама аясында бірқатар нысандар бой көтеріп, халық игілігін көруде. Бірқатар ауылдар газдандырылып, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кездесу барысында ауыл тұрғындарының өтініш - тілектері тыңдалды.
27 маусым 2025 ж. 265 0