№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » СҮТТІҚҰДЫҚ, ӘБДІҒАППАР АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

СҮТТІҚҰДЫҚ, ӘБДІҒАППАР АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Сүттіқұдық, Әбдіғаппар ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы Арман Мажитов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев, ауыл әкімдері мен ақпараттық жұмысты үйлестірші топ мүшелері қатысты.
–«Ауыл аманаты» – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көзделген бірегей жоба. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. - несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; - несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – деді Жаңақорған аудандық партия филиалының төрағасы.
Ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында өткізілген кездесу барысында «Ауыл аманаты» жобасының тиімді тұстары мен жобаға енгізілген өзгерістер, басым бағыттар кеңінен айтылып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында копперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы менеджері Индира Ақжігітова хабарлама жасап, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары жоба аясында қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
27 маусым 2025 ж. 88 0