«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел әлеуетін арттыруға бағытталған қадам

Ел әлеуетін арттыруға бағытталған қадам


Жұма күні ауданымызға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев арнайы келіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс бағытымен танысты.

  Ауданда атқарылып жатқан жұмыс көрсеткішіне тоқталсақ, биыл 3118 жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, бүгінгі күні 1848 жаңа жүмыс орны ашылып, міндет 60 пайыз орындалып отыр. Бұл былтырғыға қарағанда қимыл-әрекеттің баяулауы емес, биыл жұмысқа тіркелу шарттары күрделене түскен. Белгілі бір кәсіп ашқан тұлға салық мекемесіне тіркеліп, заңды жұмыс бастауымен қоса зейнетақы қорына жарна төлеуді заңдастырып алмайынша жаңа жұмыс орны ретінде есепке алынбайды. Бұл ереже көрсеткішті төмендетіп тұрғанын айта кету орынды.

  Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың санына келсек, өзге аудандарға қарағанда халқы көп біздің ауданда оның үлес салмағы басымырақ болып отырғаны байқалады. Дегенмен, көпшілікпен қояма-қолтық жұмыс жасап, насихаттық жұмыстар нәтижесінде азға қанағат еткен масылдық пиғылдан гөрі маңдай терін төгіп еңбек етудің артықшылығына ден қойып, жұмыспен қамтылуға ниетті азаматтар санын арттыруға жұмыстар жасалуда. Осы орайда әсіресе кентте және әлеуеті жоғары жеті ауыл тұрғындары арасында арнайы жәрдемақы алатындар қатарын едәуір азайтуға жұмыстар жасалып, ол нәтижесін берді. Бізге бұл жөнінде түсінік берген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Аягөз Айдосованың айтуынша, жұмыс істеймін деген ынталы азаматтарға үкімет тарапынан жылдағыдан артық деңгейде көмекқолдаулар болып жатыр.

 Соның бірі – мемлекеттік грант көлемі 1 млн 250 мыңға артты. Осы көмекті биыл 360 адам ала алады. Әсіресе, бірінші кезекте 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, қарауында мүгедек жанды күтіпбағуына алған азаматтар, көп балалы аналар қолдау қаржыға ие болатынын да айта кетті.
 
  Бұл бойынша құжаттарды тапсыру кезені аяқталыпты, енді комиссияда қарап, арнайы тұлғаларға тағайындалатын болады. Осы күні орталықтағы «Ордакент» Мәдениет үйінде өткен шарада да сала мамандары аталмыш бағыттағы атқарылатын істер жөнінде нақты түсінік алды. Келесі кезекте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жұмабекұлы аудандық «Аманат» партиясының ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға зейнеткерлер, көп балалы аналар және жастар өкілдері келіп, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Баян Алаудинқызы

16 тамыз 2022 ж. 233 0