«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаһан - торға сыймаған ән-жүрек!

Жаһан - торға сыймаған ән-жүрек!


Бақұл бол, Әбдірейім аға!

  Өнер майталманы, әнші, термеші, композитор Әбдірейім Өмірдің қазақ өнеріне қосқан өзіндік қолтаңбасы шығармашылық өкілінің ешкімге ұқсамайтын жеке-дара мінезімен ұш­талып, өзінше оқшау тұр десек жаңылыспаймыз. Оның жүрегін жарып шыққан әрбір туындысына осы асқақ мінезінің айбары рух дарытып, дархан даласының жомарт пейілі сыйқырлы пернетақтаға сыр боп құйылып, талай жүректі тербеп келген туындылары дүниеге келгенін кім жоққа шығарар?

Түрмедегі темір есіктердің сықыры арасынан сыңғыр-сыңғыр домбыра үніне тұмшаланған “Тордағы бұлбұл” атты Әбдірейім тағдыры туралы деректі фильм түсіргім келді. Камерада отырған жерінен телефонмен сөйлескенмін. Сондай мүмкіндігім барын айттым. Көнбеді.
1993 ж. Алматы. “ҚАЗАҚТЕЛЕФИЛЬМ” студиясында “Міржақыптың оралуы” деректі фильмін монтаждап жатқанда, бір изюминька іздеймін. Еш таппаймын. Міржақыптың мәйітін елге әкеліп жерлегенді хроника жасап қойғанмын. Сол эпизодты шырқыратып тірілтетін музыка - ән іздеудемін. Ақыры таптым. Міржақыптың өзі лагерьде жатып, ашаршылықта босып кеткен қазаққа неге болыспайсыңдар? - деп қызыл көсемдерді сойып салған өлеңіне Әбдірейім ән шығарып, реквием жоқтау деңгейіне көтеріпті.

Керемет қуандым.
Тек, фильмді қабылдау кезінде, міржақыптанушы ғалым Марат Әбсеметов: “Бұл ән де Міржақыптікі” деп дау шығарды. Әбдірейім ағаның кішіпейілдігі ғой, кеуде керіп, керілдесіп жатпады. Бетпақ біреу болса, тұрған орнында іштен шыққан туындысын дәлелдеп, орнына қояр еді. Нотасын, авторлық патентін.

Менде уақыт жоқ. План. Әбдірейім тек орынлаушы болып фильмге кірді. Кейін Міржақыптың өз әні табылды. Мүлде басқа. Міржақыптың ішкі жан дүниесін Әбдірейімдей шарықтата суреттеген композитор көргенім жоқ! ФАКТ. Шығармашылық кешіңе шақыр, осы оқиғаны сахнадан айтып берейін дедім. Құнттамады. Әлде басқа проблемадан босамады ау. Пендешілік суреткердің аяғын түсаған тіршілік қамыты емес пе?!

Бірде совминка емханасында жаңақорғандық азаматпен сырластым. Патриот. Көңіліме әсер еткені сол, бүркеніп алып, дөңбекшіп толғатып, ақыры “Жаннатым Жаңақорғаным” өлеңі туылды.

Туған жерге деген сағынышымды жеткізе алмай, кетіп қалатын сияқты сезімде болған шығармын. Әбдірейімге сөзін жібердім. Ұнатты. Ән шығарды! Екеуіміздің шығармашылық байланысымыздың тағы бір куәсі осылай жарық дүния есігін ашты.

Өнер додасы көкпарында бағы жанған Әбекең жанын түсінген мықты арулармен сыйласып, бақытты ғұмыр кешті. Бұл оның қайталанбас өзіне жарасатын маңғаз мінезінің бір қыры. Бір күні хабарлассам, жеңшелеріңмен бір сахнада концерт бердім дейді. Дереу ОРТ ТВ-мен ток шоуға келістім. Әбдірейім аға мен жұбайларын студияға жинап, өмірлері мен әндерін айтқызып, айды асранға шығарайық дедім. Өзі көніңкіреді. Сьемка болмады. Себебі ол кісінің мінезімен профи талабына лайық деректі фильм өте қымбатқа түседі. Ңағыз кәсіби мамандарсыз тағы болмайды. Спонсор табу қажет болды! Сол бәле ақыры ұстатпады ғой. Бір кем дүния!

Ауылда қалып қоймай, Алматыға келгенінде, классиктердің қатарында төрде жүретіні сөзсіз еді. Манап ақын, Бексұлтан сазгер, Әмір режиссер – драматург, Адырбек жазушылардың бел ортасында Жаңақорған өнері мен мәдениетінің Алтын Дәуірін бірге қалыптастырған Әбдірейім Әбілқасымұлы, енді міне, 18 қыркүйек күні алпыс жеті жасында келместің кемесіне мініп кете барды. Әбекеңнің Рухани Әлемнің жаңа дәуірі салтанаты басталады. Аяғынан шалып, қанатын жаздырмаған батыраштар, енді әруақпен алыспайтын шығар, ә?

Қалила ОМАРОВ, Кинорежиссер – документалист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

23 қыркүйек 2022 ж. 425 0