№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған мектебі – жүрегімде

Жаңақорған мектебі – жүрегімде

  Қасиетті қала Ленинград – Қалила үшін білімнің бесігі ғана емес, әлжуаз талантты әлемге танытқан есігі де болды. Бірақ мұны таяныш көріп, туған жерде екі көзі төрт болып күтіп отырған ата-ана, шиеттей бауырлары тағы бар. Атамекенге оралуға тура келді.

    Жаңақорған – кең байтақ Отанымыздың алақандай ғана бір бөлшегі. «Талантым тұралайтын болды, бәкүн-шүкін күн өткізіп, жоқ болып жоғалатын болдым». Бұл Қалиланың сол кездегі келте ойы, тар толғамы ғой. Бүгін ойлап қараса, олай емес, тіпті де олай емес екен. Оның қазіргідей кемел тұлға болып қалыптасуына мықты негіз қалаған, қазақы мінездің мәйегіне қандырып, өмірді, адамдарды бес саусақтай білетін дегдарлыққа баулыған бекзат ортаның бел баласы болып жүріпті сол күндері. Аудандық мәдениет үйіне қызметке орналасқан. Манап Көкеновтың қасынан қалмайды. Ал ол Мәкеңнің «Бір өзі – бір театр» ғой. Тыңдасаң мейірің қанбайтын көкірек қазынасы қандай, әңгімешілдігі қандай. Туған өлкенің қыр сырын хатқа жазып алғандай шежірешілдігі қандай. Әмір Мажитов ше? Сонау қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде алып империяның қолдан жасаған нәубеті – ашаршылықты жазған «Бір үзім нан» спектакілімен ел астанасы   – Алматыға дейін барып, Бас жүлде алғанда, бұл сол көріністе орыс Федордың рөлін сомдап актерлық қырымен танылған жоқ па?
Өнер мен ғылымның саңлақтарын тудырған бұл киелі топырақта ақын Адырбек Сопыбековпен, әнші-композитор Бексұлтан Байкенжеевпен тарихшы-ғалым Хазіретәлі Тұрсыновпен, мәдениет қызметкерлері Дүйсенхан Сыздықовпен, Сауран Елеуовпен, Нұрберген Тастаевпен, Мәдениет Тотаевпен, Жақсыгүл Бекмановамен, Қалтай Архабаевпен бірге қояма-қолтық жұмыс жасап, қаншама іс-тәжірибе жинады. Бағыт-бағдар алды. Тек бір ғана кедергі, ауылда кино түсіретін құрал-жабдық жоқ. Арман-дерті жанын жай таптырмай, бала-шағаны ауылға қалдырып, Алматы қайдасың деп келген Қалила сол кездегі Алматыдағы республикалық мешіттің имамы Ахметхан ағасының телефон шалуымен Кәрім Танаевқа келген. «Мен блатнойларды қабылдамаймын» деп онысы кергісін. Жарайды, деп есіктен шыға берген Қалила «онда мына блокнотымды алып қалыңызшы" деп сегіз жыл Ленинградта жүргенінде қазақ фильмдеріне арнап жазған сын-ескертпелері бар қойын дәптерін ұсынды. Сонымен әлгі кісі есікті кілттеп алып мұнымен үш сағат сөйлессін. Кәрім ағасының өзі орысша мінезді болғанымен жаны қазақ екенін бұл сол кезде тұңғыш бағамдады. Сол жерге жұмысқа орналасты. Алғашқы фильмі – «Тәушенді» түсірді.
Тоқсаныншы жылдардың кезі, ақтаң­дақтар ақиқаты енді ашыла бастаған қиын кезеңдерде тарихты қайта тірілтіп, қарғын судай қуатты шығармаларын бірінен кейін бірін дүниеге әкелген Қалиланың қайраты тау қопарардай еді.
Ұлтын жанындай сүйген үлкен жүрегі оның басына түскен нәубетін көрсетуде ешкімге жалтақтамайтын болмысынан танбай табанды жұмысын жалғастыра берді.
   Кәрім Танаев, Мұса Рахманбердиев бұған не түрлі тың тақырып тапсырып, сенім көрсетсе, рухани ұстаздары, тілекшілері – Шерхан Мұртаза, Ғаділбек Шалахметов, Сағат Әшімбаев артында қорған боп тұрды. Бұл соларға арқа сүйеді.
«Жұт» шығармасы желісінде «Нәубет» деректі фильмі, «Міржақыптың оралуы», «Алашорда" фильмдері жарық көрді.
Осы фильмдердің директоры, Қалиланың өз бауыры Әбдірахман былай дейді:
– Қалила екеуміз 50-ге жуық кинофильм түсірдік. Соның ішінде жаныма қатты жақыны – «Алашорда". Оған, «Қазақтелефильм" қомақты қаржы бөлді. Бес қалада – Ресей, Санкт-Петербор, Орынбор, Семей, Ақмолада зерттеу жұмысын жүргіздік. Фильм соңына қарай ақша таусылып, соңғы жұмыстарына Қалила екеуміз үш айлық жалақымызды құйып, бала-шағаны жарықтан, жылудан, ас-ауқаттан тарықтырған кездеріміз де болды, Бірақ кино тарихта қалды, – десе, сценарий авторы, Болат Мүрсәлім: Бірге жұмыс жасағанда байқағаным, алаш десе жанын беруге даяр азамат лентаның бір жері қиылады дегенде жанын қиғандай қатты қиналатын. Ол кейіпкердің өзін танып қана қоймай, оның қарама-қайшылығын, трагедиясын табуға ұмтылатын. Сондықтан да оның фильмдері тап-таза мөлдіреген шындыққа құрылатын да, көрерменнің көңіліне ерекше әсер сыйлайтын, – дейді ағынан жарыла.
  Бірде Қалила мен оның өнердегі ұстазы сынды ағасы Сатыбалды Нарымбетов екеуі бірдей Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылсын. Бірі – деректі, бірі – көркем фильммен мәреге бірдей келді. Екі турдан өтіп, үшінші кезеңге келгенде Қалекең «Әлемді шарлап келген фильмнің иесі қадірлі ағама жолымды бердім» деп комиссияға хат жазып қалдырады. Хаттың көшірмесін қолына алып, әріптесінің есігін қағады. Есікті ашқан Сатыбалды ағасы аң-таң. «Мынау сізбен бәсекеге түскен өтінішіме кешірім сұраған арағым, мынау сол арызымды айғақтайтын парағым» деп екі қолын бірдей көтеріп жайдарылана күліп, Қалила келіп тұр. Үлкен жүректі жан сын сәтте осылай да мәрттік танытқан.
Қалиланың Бауыржан Момышұлы, Мариям Хокилжанова туралы деректі фильмдері жұртшылықтан жоғары бағасын алды. Осы кезеңнің картиналары туралы бүгінгі театр сыншылары мынадай пікір айтады. «Камера арқылы түсірілген киноның цифрлық технологиядан айырмашылығы, пленка арқылы жазылған түсірілімнің бояуы қаз-қалпында, екі арадағы дем, тыныс шынайы беріліп, шығарманың жаны сірілене түседі. Көрген көз де тұшынып, заман лебін жүрегімен сезініп, санада ұмытылмастай жатталып қалады екен».

Баян ҮСЕЙІНОВА.

01 маусым 2019 ж. 838 0