«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мемлекет қаржысы қадағалануы тиіс

Мемлекет қаржысы қадағалануы тиіс


2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүйелі қолға алынуы, бұл қоғам тынысына да ерекше екпін беретін, ынталы азаматтарды еңбекпен қамту арқылы ел өмірін жақсартатын мемлекеттік қолдау. Мәселе, осы қолдаудың жергілікті жердегі нәтижесі қандай?

 Жұма күні өткен аудан әкімі мәжілісінде талқыланған басты тақырып осы болды. Екінші мәселе, аудан бойынша жылу маусымына дайындық барысына талдау жасалды. Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Оразбекұлы және Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев хабарлама жасады.

 Алдымен ауданымызда азаматтарды лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша бекітілген ұлттық жоба аясында атқарылған жұмысты тізбелеген аудандық жұмыспен қамту бөлімі директоры Жаңабек Тұрлыбековтың айтуы бойынша биылғы жылы ауданымызда жұмыс күші саны 34952 адамды құрап, былтырғыдан 701 адамға артқан. Жұмыспен қамтылған халық саны 33221 болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 685 адамға артық. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеген. Ағымдағы жылы барлығы 3118 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 1 тамызға ол 1183 – ке жетті. Бұл 38,9 пайызды құрайды.

 Ұлттық жоба аясында ауданда барлығы 16 жоба бекітіліп, 168 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр, – деді ол. Оның 115-і тұрақты, 53-і уақытша жұмыс орындары. Былтыр 4 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізіліп 23 адам жұмыспен қамтылса, биыл 7 рет өткізіліп, 167 адам жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 144 адамға арттық. Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту орталығына 2058 адам хабарласты. Соның 1852-сі жұмысқа орналасты. Оның 666-сы тұрақты жұмыс.

 Еңбек нарығына іріктеуге бағытталған жұмыспен қамтудың белсенді шаралары – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы бойынша жастар практикасына 113 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 62 адам, алғашқы жұмыс орындарына 19 адам, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру бойынша 76 адамға мемлекеттік грант беріліпті.

 Грантты тағайындайтын комиссия отырысында 196 адамның өтініші қаралып, 94 адамның жобасы қолдау тапты. Екінші лек бойынша 188 талапкердің құжаты қабылданды, ол бойынша 10 мен 15 қыркүйек аралығында комиссия отырысы өтеді. Бұдан бөлек пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ауданда квотаға ұсынылған 8 адамның 6-уы жұмысқа орналастырылды. 9 мүгедек жанды мекемелерге орналастыру талабы да орнықты шешімін тауып келеді екен.

 Осы орайда аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлының талабы мынау: ұлттық жобада қаралған қайтарымсыз қаржының игілігін ең көп иеленуші аудан ретінде қандай артықшылығымызды көрсете аламыз? Ауданда былтыр 673 адам 612 мыңнан қайтарымсыз несие алған. Көбі бір жылдан соң кәсібін жауып құтылған. Бұл қандай қағидаға сәйкес келеді? Тұрғындарға кәсіби қолдау ретінде беріліп отырған қаржыны кім қадағалайды? Өз кәсібін ашып қана қоймай, қосымша екі-үш адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар талапкерлердің жыл айналмай уәдеден тайқып кетуіне жағдай жасаған жалпақшешей заң кімге тиімді? Бұл сұраққа сала басшысы былтырғы жылы алған 673 адамның 13-інің алған қаржыны мақсатсыз жұмсауына байланысты ісі сотқа өтіп, қайтару жөнінде шара көрілгенін баяндады.
 
 Грант қаржысын ала тұра кәсіптерін жауып тастаған азаматтарға келетін болсақ, олармен келісімшарт негізінде бір жылға дейін ғана мониторинг күші бар, қаржыны бір жылға дейін ғана қадағалай алады екенбіз. Бұған жоғарыдан бекітіліп келген қаулыдағы ереженің шикілігі себеп. Дегенмен, жеке жауапкершілігіне міндет жүктеніп, қаражат алған азаматтарды аудандық кәсіпкерлік бөлімі есепке алып, қадағалауға толық құқы бар. Мың сылтаудан нақты бір жұмысты көш артық санайтын басшылықтың бұл реттегі талабы орынды. Соңында сұрауы болмаған соң ешбір жанда міндеттеме, жауапкершілік болмайды. Бұл жерде грантқа үміткерлерді іріктейтін комиссия құрамын жауапты адамдардан құру жөнінде де қатаң талап қойылды. Сондай-ақ былтыр грант беруде мал бордақылау кәсібіне 78 пайызға дейін басымдық берілгені, алдағы уақытта басымдықты біздің ауданда жоқ салаға беру керектігі ескертілді. Бұған қаражат алушы ғана емес, комиссия құрамы да толық мүдделі болу керек. Сонда кәсіп бастауға шын ынталы ықыласты жандар жәрдемге ие болады. Бұл мәселеде ауыл әкімдеріне де жауапкершілік жүктелді.

 Хабарламаға қосымша Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Тәжібайұлы мінберге көтеріліп, слайд бойынша 2022 жылдың 1 тамызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері санымен таныстырды. Олардың жалпы саны 5672 болса, 2864 жеке кәсіпкер тіркелген, ондағы белсенді субьектілер саны 5406.

 – Облыста 2022 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамтылғандар саны 8053 адамға жетіп, 7 миллион теңгенің өнімдері өндіріліп, бөлшек сауда айналымы 3 млрд 309 миллион теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда индекс көлемі 109,7 пайызға артты, – деді ол. Биыл Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы 243 миллион теңге болатын 26 жоба несие алуға ұсынылып отыр. 2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамытуға ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты жыл басынан бері 75 жоба бойынша құны 46,3 млн теңге құрайтын гранттар жеңіп алынды. Негізі 396 жобаға 484 млн теңге қаражат қаралып тұр. Аграрлық несие корпорациясы АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 10 млн теңге болатын 2 жоба несиемен қаржыландырылды. Осы корпорация арқылы алдағы уақытта құны 102 млн теңге болатын 14 жоба несиемен қаржыландырылғалы отыр. Жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасы аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы арқылы 80,1 млн теіңге болатын 19 жоба несиемен қаржыландырылды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 18 жобаға 288,7 млн теңге несие берілді. Бизнестің жол картасы – 2025 Бизнесті дамытудың бірыңғай баағдарламасы шеңберінде қол қойылған шарттары бойынша құны 66 млн теңге болатын 2 жоба қаржыландырылды. Күні кеше құны 30 млн теңге болатын «Табыс» деген жоба, бұдан басқа тағы 4 жоба, аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 131 жобаға 643, 1 млн теңгенің қаржысы тартылып отыр екен.

ТАБИҒАТ ТІКТЕЛСЕ ТЕҢГЕ ҚҰЙЫЛАДЫ

 Төсі сан қилы сырға толы Қаратаудың баурайын туристік нысандарға заңды түрде айналдыра алмай отырғанымызбен бағаналы жердің бөктері келушілерден кенде емес. Жиында осы мәселе бойынша тиісті сала басшыларынан жауап алған аудан бас менеджерінің талабы орынды-ақ. Бұл жөнінде Қаржыбек Тәжібайұлы бүгінгі таңда туризмдік мақсатта белгіленген 14 бағыт бойынша жұмыстарды тізбеледі. Былтырғы жылы Қатынқамалға қарай жол салуға жоба сметалық құжаты ұсынылыпты, оған қаражат бөлінбепті. Егер бөлінсе 100 млн-ға технология және кәсіпкер дайын екен. Құмиян, Таңбалы тас, Сығанаққа облыстан, республикадан ақша бөлініп, тиісті археологиялық қазба жұмыстары жасалынуда.

 Біздің өңірімізде мәңгілік тыныстаған Қорасаната, Төлегатай сынды киелі орындарға келіп жатқан адамдар көп. Бірақ бәрі де жеке мүдде, денсаулығы үшін, басқа да рухани жан қалауымен келетіндер. Санаторийлеріміз де бар. Басқа да жолай сервистік қызметтер жолаушыларға қажеттілік үшін ғана аялдайтын орын болып тұр. Жаңақорған тарихи мекен ретінде көпке мәлім емес. Әкім осы мәселені шегелеп айтты. Шүкір, Жаңақорған территориясында қаншама туризмге сұранып тұрған жерлер бар, – деді ол. Мына көрші Шиелі ауданында Бәйгеқұмдағы кішкене көлімен қанша бизнес жасап отыр. Кәсіпкерлігі де дамып жатыр. Бюджет қалтасы да қалыңдауда. Біздің де тау беткейіндегі көрікті жерлерге қалай көктем келеді, көліктерден көз тұнады. Кім соны қадағалап жатыр? Осы аймақтарда туристік жағдайды дамытуға болады ғой.

 Осыны заңдастырып, кәсіпкерге береміз бе, сол арқылы ақша түсіреміз бе, нақты жұмыстар жүруі керек. Кент, ауыл әкімдерімен бірлесіп мемлекеттік грант алған азаматтар алған қаржысын мақсатты пайдалануына қадағалау жасауға ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы мен кент, ауылдық әкімдерімен бірлесіп, зерделеуді арттыру, аудан туризмін дамыту бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

 Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жаңақорған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі сектор меңгерушісі Нұржан Сүлейменов хабарлама жасады.

– 2022-2023 жылдарға жылу маусымына тұрғындар үшін жоспарланған қатты отын көлемі 25 000 тоннаны құрайды.

Жаңақорған ауданында 2 отын қоймасы бар. ЖК «Жана-Тас» (қойма сыйымдылығы – 7 000 тонна); ЖК «Турганбаев» (қойма сыйымдылығы – 30 000 тонна).

Қазіргі таңда, ауданға теміржол арқылы 7000 тонна «Шұбаркөл» маркалы қатты отын тасымалданды. Босату бағасы (ҚҚС-мен) 14 650 теңге.

Кент, ауылдық округ әкімдері және аудан әкімдігі мамандары арқылы тұрғындарға қатты отын сатылымы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, әлеуметтік желіде ақпараттар орналастырылған.

Бюджеттік мекемелер бойынша күзгіқысқы кезеңге 6500 тонна қатты отын, 1400 тонна сұйық отын жоспарланған.

Ауданда әлеуметтік-мәдени маңызы бар 144 мекеме орналасқан.

Аталған 144 мекеменің 100 нысаны қатты отын, 21 нысаны сұйық отын және 23 нысаны газ отынымен жылытылады.

Қазіргі уақытта, 1150 тонна сұйық отын, 5000 тонна қатты отын жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол.
 
  Аудан әкімдігі мәжілісінде қосымша аудандағы қылмыстық ахуал жөнінде аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев хабарлама жасады.

– Осы жылдың 8 айында аудан көлемінде 97 қылмыс дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,2 пайызға төмен. Мұның ішінде қоғамдық орында, көшеде масаң күйінде, топтасып, сотты болғандармен жасаған қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, есірткі қылмыстары төмендесе, бұзақылық, тонау, қарақшылық, кісі өлтіру қылмысы орын алған жоқ. Жасөспірімдер арасында қылмыстылық тіркелген жоқ. Алайда 2 жасөспірім қызға қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық орын алды. 2 аса ауыр қылмыс тіркелді. Сонымен қатар есепті мерзімде бөтеннің мүмкін ұрлау 41 пайызға немесе 39 дан 23-ке, оның ішінде пәтер ұрлығы 8 ден 4-ке, ұялы телефон ұрлоығы 6-дан 4-ке азайды, қалта ұрлығы орын алған жоқ, – деді. Есесіне мал ұрлығы 61,5 пайызға немесе 13-тен 21-ге өсім алып, алаңдатып отырғанын айтты. Оның ішінде 18 оқиға өрісте орын алған, оның 6-ы ашылып, 6-ы өндірісте, орын алған 21 мал ұрлығы өрісте қараусыз жұрген малдардан тіркеліп отыр. Қаңғып жүрген малдарды анықтап, мал иесіне Әкімшілік Кодексінің 408 бабымен әкімшілік шара көріліпті. Кент орталығында қараусыз жүрген малдардың иелері әлі де анықталып, әкімшілік шаралары қолданылуда екен. Әсіресе кешке қарай Жайылма, Жаңақорған трассасында, Батыс ҚытайБатыс Еуропа тас жолының бойында қараусыз жүрген жылқы, сиыр малдары топталып тұратыны, осы малдардың кесірінен жол-көлік оқиғалары да орын алып жатқанын айтты. Бұған пада ұйымдастырылмауы себеп. 25 ауылдық округтің 11-інде падамен қамтылған, қалған 14-інде бақташы жоқ. Ұрлықтың басым көпшлігі елді мекендер жайылымында орын алуда. Осыған орай мал базарға мал тасымалдайтын автокөліктердің тізімі жасалып, жұмасенбі-жексенбі күндері рейдтік іс-шара ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті. Малды құжатсыз тасымалдаған бірнеше автокөлікке шара көрілген.

  Бас сақшы қазірде белең алып тұрған келесі қылмыс түрі алаяқтыққа терең тоқталып, олардың түріне талдау жасады. Ағымдағы жылдың 8 айында 19 алаяқтық орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 3 дерекке өсім алған. Бірақ мұндай интернет алаяқтықтың ашылуы қиынға соғып отыр. Өйткені оның әдіс-тәсілдері күнбе-күн жаңаруда, хаккерлік механизм де сан құбылып отыруымен сан соқтырып кететіні жасырын емес. Тұрғындар арасында әсіресе бюджеттен айма-ай жалақы алып отыраған мекеме мқызметкерлері арасында алдану фактілері көп. Насихат жұмысы көп жүргізіліп жатыр, дегенмен арандап қалушылар саны азаятын емес. Қазір телефон арқылы кіретін хакерлер оның иесінсіз сыртынан телефон номерін меншіктеп, қалаған операцияны  орындай алатын қабілетке ие. Ол бөгденің телефонымен компьютерге кіріп, ойына келгенін орындай алады. Алаяққа құрбан болғандармен жұмыс жасау кезінде қылмыстың ұшы тіптен бөтен облыстардан табылуы соның дәлелі, ал ақша шетелдік банктерден алынған жағдай да көп тіркелген. Жақында қаралған қылмыстық жағдай бойынша Жаңақорған ауданы азаматшасының ақшасы Мәскеудің түбіндегі Курчатов қаласы банкоматынан алынғаны анықталғанын айтты. Сондықтан әрбір азамат осыдан сақ болу керек. Сонымен қатар бүгінде ақшаны көбейтіп беремін деген жарнамаға алданып қалудың соңы алаяқтың құрбаны болуға апарып соқтыратынын да ескертті. Осындай алаяқтық дерегімен Байкен-U мекемесінің азаматы 7 миллион, Шалқия кен орнында жұмыс істейтін инженер маманның 5 млн теңгесінен айрылғанын айтты.

 Келесі кезекте аудандағы жолкөлік деректері бойынша орын алған оқиғаларға тоқталған Ғани Асанұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында ауданда 14 жол-көлік оқиғасы орын алған. Жол апатынан 24 азамат жарақат алды. 8 азамат қайтыс болды. Оның 8-і кент орталығында, 1-уі аудандық маңызы бар тас жолда, 1-уі СКЗ-И тас жолында, 4-уі Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында орын алған. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу бойынша рейд жүргізілгенде 8 айда аудан көлемнде 98 азамат мас күйінде автокөлік айдағаны үшін ұсталып, жеті жылға автокөлік басқару құқынан айрылды. Былтыр 42 болатын. Автокөлікті мас күйінде басқарудан екінші рет ұсталған алты азамат алты айға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілгенін айтты. Үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізілу нәтижесінде жыл басынан бері 4 мың 360 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 28млн 593 мың айыппұл салынып, 22млн 491 мың теңгесі мемлекет пайдасына өндіріліпті.

  Бас сақшы тағы бір назар аударған жайт – мектептерге бейнекамера орнату мәселесі болды. Өткен жылы Жамбыл облыысында мектеп ауласында қыз бала зорланды, Ресейде Казан және Пермь қалаларында мектеп бітіріп кеткен азамат білім ұясына қарумен кіріп, бірнеше оқушы балалар мен мұғалімді атып өлтірді. Осыған байланысты Үкіметтен оқу орындарында бейнекамералар қойып, полиция бөлімімен қосуға пәрмен берілген. Ауданда 42 мектептің 24-інде ғана камера қосылып тұр. Былтыр 19 мектепе бұл байланыс құралы аудандық полиция бөлімімен қосылғанымен мердігер келісімшарт талаптары орындалмағандықтан құрал-жабдығын жинап алып кеткен екен. Қазір ішкі істер бөлімінде 4 қана монитор жұмыс істеп тұрғанын айтты. Ол бойынша 4 мектеп қана интернетке қосулы. Жеті мектепте ғана дабыл қондырғысы бар екенін білдік.

 Жастар арасында топтасып төбелесу мәселесіне де талдау жасап өтті. Жастардың төбелеске құмарлығы әлі өршіп тұр. Аз ғана күн бұрын кенттегі Пахырдинов көшесінде төбелесуге оқталған 70 бала таратылып, , 40 баланың полиция бөліміне жеткізілгенін айтты. Арасында мектеп оқушылары да бар екен. Ауылдық жерде де осындай пиғылды азаматтар айылын жимауда. Жақында өзгенттік отыз-қырық бала көлікпен ауылға келіп, көшеде кездескен баланы сабап кеткен әрекеті ақылға симайды.
 
Ауыл активі бірігіп, жұмыс жасамаса жағдайдың одан әрі ушыға беруі мүмкіндігін ескерткен полиция бөлімінің басшысы жергілікті басшылыққа қарамағындағы елдің жастарын қатаң қадағалау қажеттігін айтты. Мектептерде сабақ басталды. Алдағы уақытта мектеп мұғалімдері тәртіп сақшыларымен бірлесіп педпатруль күшейтілуі керек. Қазалы қаласында орын алған төбелесті мысалға алып, жоғары сынып оқушылары арасында төбелесте пышақ, атыс қаруынан бірнеше оқушының ауруханаға түскені жөнінде айтты.
Жиналыста қаралған мәселелер бойынша тараптарға нақты тапсырма жүктелді.

Баян Үсейінова

06 қыркүйек 2022 ж. 190 0