№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

 
Бүгін, яғни 26 шілде күні Жаңақорған аудандық прокуратурасы мен аудан әкімдігі бірлесіп «Халықты жұмыспен қамту орталығының» ұйымдастыруымен "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.


Бүгінгі жәрмеңкеге ауданымыздың мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындары мен өзге де 21 жұмыс беруші қатысып, 126 бос жұмыс орындары ұсынылып, аудандық пробация қызметінің есебінде сотталғандарға және алимент бойынша берешектері бар жұмыссыз борышкерлерге басымдық берілді.
Ағымдағы жылы ауданымызда 10 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып, бүгінгі таңда оның 5-і өткізілді.
Нақтыласақ, 74 жұмыс беруші 247 бос жұмыс орындарын ұсынылды және 52 азамат жұмысқа қабылданды.
Аталған шараға аудан көлеміндегі борышкерлер және  аудандық пробация есебіндегі сотталғандар шақыртылып, қатысушыларға бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нәтижесінде жыл басынан бүгінгі күнге дейін 22 борышкерге және 10 сотталғанға таңдаған жұмыс орындарына жолдама табысталып, тұрақты жұмысқа орналастырылды.
26 шілде 2021 ж. 1 801 0