№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АШЫҚ ЕСІК КҮНІНІҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНІҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН


Мемлекет басшысы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтуда. Оған қоса, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысамын деген ынталы азаматтарға көптеген қолдау көрсетілуде. Яғни, бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау мен тегін кеңес беріліп, кәсіп ашамын деген ниетті жандар жұмысын жандандыруда. Осы тұста, айта кететіні, Үкімет тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында аудан әкімі Ғалым Әміреев кәсіпкерлер қауымының басын қосып, аудандағы кәсіпкерлік саласындағы жаңа жобаларды таныстырды. Ашық есік күніне шаруа қожалық төрағалары мен кәсіпкерлер қатысты.
Әуелі аудан басшысы 2017 жылдың 1 желтоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3338, оның 239 заңды тұлғалар, 1160 шаруа қожалықтары, 1939 жеке кәсіпкерлер екенін тілге тиек етті.
– Жалпы мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысамын деген ынталы азаматтарға қолдау бағдарламалары серпін беруде. Бір ғана, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өткен жылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 101,8 млн. теңге болатын 7 жоба қаржыландырылған. Ал құны 15,0 млн. теңге болатын 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралып жатыр, – деді аудан басшысы.
Оған қоса, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты өткен жылы ауданнан 17 жоба ұсынылды. Осы жобалардың ішінен құны 7 миллион 50 мың теңгені құрайтын 6 жоба грантты жеңіп алды.
Сондай-ақ «Даму-Аймақтар» шағын және орта кәсіпкерлік суъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасына байланысты құны 30,0 млн. теңге болатын 1-жоба қаржыландырылды.
Осыған орай, Ғалым Махмұтбайұлы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылатын жаңа жобаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-аухатын жақсарту, салықтық базаны көбейту, және басқа да кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын дамыту жұмыстары халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасай беретінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкерлігін одан әрі дамытқысы келетін ынталы азаматтарды аудан әкімдігінің мәжіліс залында әр аптаның сәрсенбі күні қабылдап, ашық есік күнін өткізетінін мәлімдеді.

Әбдісамат ӘБДІШ.
13 қаңтар 2018 ж. 1 743 1

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 12:46
Cialis Generico Marca Viagra Sildenafil Citrate Tablets Can Amoxicillin Cause Stomach Pain http://drugsed.com Buy Cheap Online Uk Viagra Propecia Menopause Buy Zithromax Single Dose