№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?


Жастарды қолдау – мемлекеттің негізгі мүддесі. Қолдап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс. Осы орайда, ауданның белсенді жастарының бүгінін таразыласақ. Жақында аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің І- отырысы өткізілді. Аудан әкімі Ғалым Әміреев төрағалық еткен кеңесте үш мәселе тыңдалды. Келелі кеңесті бүге-шүгесіне дейін жазғаннан гөрі, орындалған жұмысты нақты статистикалық сандармен сөйлеткенді жөн деп шештік. Иә, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында ілкімді істер легі өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосары айқын. Осы бағытта бүгінге дейін бағындырған белесті бағамдап көрсек. Барлық мәлімет сала басшыларының баяндамасынан үзінді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе-жас кәсіпкерлерді қолдау бағытында атқарылған шаруалар. Мойындау керек, бүгінгі таңда Жаңақорған жастарының жеке кәсіп ашуға деген ықылысы зор. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды игілігіне икемдеуде. Әсіресе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында атқарылған іс көп. Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков тарқата айтты. Оның айтуынша, жастардың экономикалық белсендісі 15000, жұмыспен қамтылғаны 11000 адамды құрап, жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды.
Сондай-ақ 2018 жылдың басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1331 адам хабарласса, оның жастары 265. Басым көпшілігі «Мейірбике ісі», «Мектепке дейінгі оқыту», «Дене шынықтыру пән мұғалімі» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша хабарласқан. Оған қоса, 2018 жылы 800 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 214 жаңа жұмыс орны құрылған. Соның ішінде 201-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Орталық басшысының сөзінше, 2011 жылдан бүгінге дейін 988 жас азамат «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмысқа орналасқан. Бұлда болса мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қолдау. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік-техникалық оқытулар мен «Бастау-Бизнес» жобасы мен «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ көмегімен кәсіптерін бастап жатқан жастар саны көңіл қуантарлық екен.
Өз кезегінде ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев жас кәсіпкерлер мен ынталы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы гранттар мен жеңілдіктер жөнінде тарқата айтты. Сала басшысының сөзінен белгілі болғандай, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 202,2 млн. теңгенің 79 жобасы несиелендірілген. Оның ішінде 11-і жастар.
Ал, «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ның 6 пайыздық бағдарламасы бойынша Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 223,5 млн теңгенің 52 жобасы несие алған. Оның ішінде 10-ы жастар.
Сондай-ақ «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 101,8 млн. теңге болатын 7-жоба қаржыландырылған.
Оған қоса, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты 2017 жылы ауданнан 17 жоба ұсынылып, осы жобалардың ішінен құны 7 миллион 50 мың теңгені құрайтын 6 жоба грантты жеңіп алған. Оның ішінде 2 миллион 600 мың теңгені құрайтын 2 жобаның жеңімпазы жастар. Және де «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес ауданда биыл 250 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланып отыр екен. Осындай құнды мәліметтерімен бөліскен сала басшысы Жаңақорған жастарының кәсіпкерлікке деген ынтасы зор екенін жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Сүттіқұдық, Аққорған, Жаңарық, Шалқия ауылдық округіндегі NEET санатындағы жастармен жұмыс ахуалы тыңдалды. Айта кету керек, қазірде қоғамда маргинал және NEET санатына жататын жастар деген сөз қолданылуда. Термин сөзді түсінбегендер болса тарқатып айтайық. Қиыс басып, қылмысты болған не бұзақылық әрекеті үшін жазасын өтеп келген жасты – маргинал деп мемлекет бақылауда ұстайды. Ал, NEET санатына жататын жастар деп алты айдан астам біліктілігін көтермеген, білімге қызығушылығы жоқ, не жұмыста не оқуда жоқ жанды айтады. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша ауыл-аймақтарда ілкімді істер атқарылып жатқаны айтылды.
Ал, соңғы мәселе бойынша ауданның бас дәрігері Сәулебек Есхожаұлы суицидтің алдын алу бағытында жыл басынан бері 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 14 бала «Тәуекел тобына» алынса, 18 жастан жоғары 20 адам «Тәуекел тобына» алынғанын тілге тиек етті. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын жеткізген бас дәрігер айтып келмес кеселдің алдын алуда мектеп психологынан бастап, учаскелік полиция, әлеуметтік қызметкер, жастар ісі жөніндегі мамандар мен жастар денсаулық орталығы мамандары болып бірлесе жұмыс жасау керектігін сөз етті.
Кеңес отырысын түйіндеген аудан әкімі Ғалым Әміреев еңбек етіп, кәсіп бастаймын деген ынталы жастарға қолдау көмекті үдету керектігін тілге тиек етті. Өйткені, ел ертеңі жастар десек, олардың келешегінің кемел болуы бүгінгі жасалған демеуге байланысты.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
17 сәуір 2018 ж. 1 966 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 09:08
Viagra Prices In Canada Buy Priligy Online Uk cialis 5mg best price Kamagra Walmart

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 05:24
Doctissimo Kamagra In Linea Propecia Foglio Illustrativo viagra online pharmacy Online Propecia No Prescription Tadalafil Generique 20mg Tadalafil