№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚОЛДАНЫСТА

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚОЛДАНЫСТА

Өткен жазбамызда 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаны жайлы жазып, заң талаптарынан қысқаша түсіндірме берген болатынбыз.
Бүгін осы Заңның қолданылу аясы жайлы сөз қозғамақпыз.
Рақымшылық жасау туралы бұл Заң алғашқы ресми жарияланған күннен, яғни 2021 жылғы 8 желтоқсаннан бастап қолданыста.
Заңда көзделген сотталғанды жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқартуды қолдану сотталған адамның жазасы орындалатын жердегі соттарға жүктелген.
Осы негізде Жаңақорған аудандық сотымен аудандық пробация қызметінің ұсынысы негізінде бас бостандығын айыру түріндегі жазаны шартты түрде өтеп жатқан, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған сотталғандарды жазадан босату, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған тұлғалардың жазасын қысқарту мәселелері қаралып, заң шеңберінде шешім қабылдануда.
азақстан Республикасы ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн.
Рақымшылық жасау туралы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 1-бабының талабына сәйкес осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге елу жасқа толған және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жасқа толған және ол жастан асқан ер адамдар әлеуметтік жағынан осал адамдарға жатады.
Аталған Заңның 2-бабының 1-бөлігінің 3) тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады.
Жаңақорған аудандық пробация қызметі жоғарыда аталған заң талаптары негізінде сотталған Б.-ны жазадан босату жайлы сотқа ұсыныспен жүгінген.
Сотта анықталған мән-жайларға және іс құжаттарына қарағанда Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігінде көзделген ауырлығы орташа қылмысты жасағаны үшін сотталған. Оның жасы жетпіс екіде, яғни Заңның 1-бабында көзделген әлеуметтік жағынан осал адамдар қатарына жатады.
Осы негізде сот ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған Б-ны бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазасын өтеуден босатты.
Сондай-ақ ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігінде рақымшылық актісі негізінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін екендігі белгіленген.
Рақымшылық жасау туралы Заңның 3-бабы 3-бөлігінің 1) тармағына сәйкес әлеуметтік жағынан осал адамдарды қоспағанда, жазасын өтеп жатқан немесе оны әлі орындамаған адамдарға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды және өздеріне қойылған талап қою талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері ауыр қылмыстар бойынша – үштен бір бөлігіне қысқартылады.
Пробация қызметі бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып сотталған А.-ға қатысты жоғарыда аталған заң шеңберінде жаза мерзімін қысқартуды сұраған ұсыныспен жүгінген.
Сотта А.-ның Қазақстан Республикасы ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген ауыр қылмысты жасағаны үшін сотты болғаны, оның қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өз еркімен өтеп, жәбірленушілер тарапынан азаматтық талап қойылмағаны анықталды.
Соттың қаулысымен сотталған А.-ның Рақымшылық жасау туралы Заң қолданысқа енгізілген күнге жазасының өтелмеген мерзімі үштен бір бөлігінде қысқартылды.
Өздеріңіз көріп отырғандай, рақымшылық жасау жайлы қабылданған ізгілік актісі жаза басқандар үшін жағымды жаңалық болып, оларға мемлекеттің ізгі ниеті мен сенімін білдіреді.
Біз өз кезегінде заң бұзған аталған тұлғалар бұрын жасаған қателіктерін қайталамай, жаңа өмір бастауына рақымшылық Заңы мүмкіндік беретініне сенеміз.
.
28 қаңтар 2022 ж. 407 0