Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін
Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Жаңақорған аудандық сотында 13 наурыз 2018 жылы аудандық пробация қызметінің ұсынысы бойынша сотталған Т. бас бостандығынан шектеу жазасынан нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды сұраған ұсынысы қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталған Т. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалалық сотының 29 наурыз 2016 жылғы үкімімен Қазақстан Республкасы ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен 3 жыл 6 айға бас бостандығын айыру жазасына сотталып, кейін Шымкент қаласы, Абай аудандық сотының 14 ақпан 2017 жылғы қаулысымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабының 2 бөлігіне сай, тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі 7 ай 17 күн мерзімге қысқартылып, осы соттың 4 сәуір 2017 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылып, пробация қызметіне есепке алынған.Алайда, сотталған Т. жаза өтеу тәртібі мен міндеттерін біле тұра, пробация қызметінің заңды талаптарын орындамай, жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзған.
Сот қаулысымен Жаңақорған аудандық пробация қызметі бөлімшесінің сотталған Т. тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасының күшін жойып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі ұсынысы қанағатандырылды және бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, яғни 8 ай 15 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Дәріқұлов.
Пікір 2