№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жаңақорған аудандық сотында «Рақымшылық жасау туралы заң талаптарын қолдану» тақырыбында «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимде семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Ө.Тұңғышбаев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Оразметов, қылмыстық атқару инспекциясының өкілі А.Искаков, АПБ-нің тергеу бөлімінің басшысы Р.Сұлтанқұлов, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева, жергілікті өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты.
Шара барысында аудандық сот судьясы И.Тұңғышбаев баяндама жасап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойғанын айтты.
Рақымшылық дегеніміз қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату, кінәсін мойындау рақымшылық жасауға міндетті шарт емес, рақымшылық актісімен бұрын жазасын өтеп шыққан тұлғадан сотталғандығы алынып тасталуы да мүмкін, Қазақстан Республикасының Заңнама талабына сәйкес сотталғандарға рақымшылық жасау құқығына тек ел Президенті ие және сот органдары арқылы жүзеге асырылатындығы жайлы айтып өтті.
Осы аталған заң аясында сотталған азаматтарға тағайындалған жазасынан толықтай не ішінара босатылуы немесе жазасы жеңілдетілуі мүмкін екендігін және рақымшылық кімдерге жасалатынын, нақты кімдердің-қандай қылмыс жасағандардың жазадан босатылатынын немесе жаза мерзімінің қысқаратынын түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ Рақымшылық жасау туралы Заң қолданылмайтын адамдарға тоқталды.
Семинарды қорытындылай келе қатысушылар Рақымшылық жасау туралы Заңын қолдануға қатысты мәселелерді кеңінен талқылап, өзара пікір алмасты және өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
27 қаңтар 2022 ж. 204 0