№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгінгі күннің маңызды және өзекті жаңалығының бірі.
Биліктен рахым полициядан шапағат тілегендерге жағымды жаңалық.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойды.
Рақымшылық дегеніміз не?
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату.
Кінәсін мойындау рақымшылық жасауға міндетті шарт емес.
Рақымшылық актісімен бұрын жазасын өтеп шыққан тұлғадан сотталғандығы алынып тасталуы да мүмкін. Қазақстан Республикасының Заңнама талабына сәйкес сотталғандарға рақымшылық жасау құқығына тек ел Президенті ие.
Аталған заң аясында сотталған азамат тағайындалған жазасынан толықтай не ішінара босатылуы немесе жазасы жеңілдетілуі мүмкін.
Осы мәселенің жай-жапсарын түсіндіру мақсатында Жаңақорған аудандық сотында судьялар И.Тұңғышбаев, Э.Рысқұлов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Оразметов, қылмыстық атқару инспекциясының қызметкерлері мен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған тұлғалардың қатысуымен семинар өткізілді.
Сонымен рақымшылық кімдерге жасалады? Бұл жайында семинарда сөз алған аудандық сот судьялары мен аудан прокурорының көмекшісі нақты кімдердің-қандай қылмыс жасағандардың жазадан босатылатынын немесе жаза мерзімнің қысқаратынын айтты және шараға қатысушылардың тарапынан болған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Ия өңірімізде екі көзі төрт болып, теміртордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан жақындарын күтіп жүрген жандар баршылық.Ізгі шара. Көпке үміт сыйлаған Заң Президенттің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңы еліміз егемендік алғалы сегіз рет жасалған. Соңғысы тәуелсіздіктің 25 жылдығында 2016 жылы жүргізілген.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
14 желтоқсан 2021 ж. 215 0