№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ІТ-мектеп: зейін мен зерде ордасы

ІТ-мектеп: зейін мен зерде ордасы

«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде». Бұл Елбасы Жолдауынан үзінді.
Иә, Стратегиялық Жолдауда Мемлекет басшысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекет дамуының бағытын айқындады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адами капиталды пайдалану мен дамытудың ең жоғары нәтижесі елдің азаматтарына білім берудің барлық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болатынын сөз етті.
Осы тұста, жақында ғана аудандық тамыз конференциясында «Мансап-Қызылорда» ЖШС бизнес-тренері Наталья Мишукова Жаңақорғаннан ІТ-мектеп ашу ұсынысын жеткізді. Өйткені, келешекте ІТ-мамандар 5 мамандық иесін алмастыратын кезең келетіні айтылды. Бізде жаңашыл саланың қыр-сырына қанықпақ мақсатта жоба ұсынушысы Наталья Мишукованы сөзге тарттық.
– Ең бірінші кезекте ІТ бағыттағы мектеп ашу туралы жобамызды қолдаған аудан әкімі Ғалым Әміреевке алғысымыз зор. Өздеріңізге белгілі, бүгінде ақпараттық технологияны меңгерген мамандарға сұраныс жоғары. Технология тілін түсінетін, оны бес бсаусақтай білетін жандарға жұмыс жетіп артылады. Сарапшылардың зерттеуінше, 2020 жылға қарай әлем бойынша 2 млн ІТ-маман қажеттілігі туындайды екен. Әрине бұл сала елімізде кенжелеп тұр. Өскелең жастарға бағыт-бағдар беретін, ақпараттық кеңістікті игеретін мүмкіндік аз. Сондықтанда Сыр өңірінде алғаш болып Қызылорда қаласы мен Жаңақорған кентінен ІТ-мектеп ашу жобасын қолға алдық, – деді Наталья Мишукова.
Сонымен қатар, жоба ұсынушысы бүгінде Санкт-Петербург қаласында дайындалған франшизаны үлгі етіп, қарекет жасап жатқанын тілге тиек етті. Ал оқытушыларды аудан төңірегінен арнайы жасақтап, Санкт-Петербург қаласындағы жоба жетекшілерімен онлайн-режимде байланыстыратынын жеткізді. Дәріскерлерді қанша жастан бастап қабылдайтынын сұрадық. Жоба жетекшісінің айтуынша, технологиялық білім ордасына 6-12 жас аралығындағы жас өрендер қабылданады. Себебі, бүгінгі балалар смартфон, планшет, ноутбукты оңай меңгерген. Ендігі кезекте, сол білімді балаларға ІТ-салаға бағыт-бағдар беріп, келешегінің кемел болуына жағдай жасау керектігін сөз етті.
– Қазір кішкентай бүлдіршендер смартфонды қосып, ертелі-кеш мультфильм көріп жатады. Оданда сол балаларды пайдалы іске бағыттасақ. Зейін-зердесін заманауи біліммен толтырсақ. Келешекте бір ғана ІТ-маман 5 бірдей мамандық иесін алмастыратын болады. Яғни, саладағы серпіліс автоматтандырылған жүйеге көшіп, компьютер арқылы басқарылатын заман туады. Сол үшін жас өскіндерді технология тілін білуге бау­лып, болашағының баянды болуына қызмет етуіміз тиіс, – деді ІТ-мектеп жобасының жетекшісі.
Тілдесу барысында «Мансап-Қызылорда» ЖШС бизнес-тренері Наталья Мишукова аудан әкімі Ғалым Әміреев жобаны тек қолдап қана қоймай, алдағы уақытта ІТ-мектеп ашылса, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан 20 баланы грант есебінде оқытуға мүмкіндік жасайтынын айтыпты. Бұл да болса, өскелең жастардың келешегінің кемел болуына бағытталған қолдау деп білеміз.
Түйіндей айтқанда, Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа деген қамқорлығын қашанда аяған емес. Үнемі келешектің кемел болуы – білімді ұрпақ екендігін биік мінберде жиі айтады. Жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Қолдап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс. Осы орайда, Елбасы ел назарына ұсынылған 5 әлеуметтік басымдықтың бірі ретінде жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлуге пәрмен берген болатын. Оның 11 мыңы ІТ-технолоиялық бағыттағы мамандықтарға тиесілі. Бұл да болса, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын ІТ-мамандарға деген мемлекет сұранысының қажеттілігін айқындайды.


Әбдісамат ӘБДІШ
25 қыркүйек 2019 ж. 667 0