Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды. Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов қатысушыларды Президенттің жоғарыда аталған жолдауымен таныстырып, ол мемлекетіміздің әрі қарай дамуының негізгі бағыттары белгіленген айқын бағдарламалық құжат екенін айтты. Сот төрағасы өз сөзінде бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінін, алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанын жеткізді.  
2017 жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алып, индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылды. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданып, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Аталған жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін атқаруға тиісті міндеттерді айқындайды.
Қорытындылай келе сот төрағасы Президент жолдауында жолданған тапсырмаларды сапалы және тиімді орындауға сот ұжымы дайын екендігін айтып өтті.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
М.ДӘРІҚҰЛОВ.
17 қаңтар 2018 ж. 1 381 0