№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЛЭД ЭКРАН»: лайықты орнын тапты ма?

«ЛЭД ЭКРАН»: лайықты орнын тапты ма?


Бүгінде жаһан жұрты ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Бұл бағытта Мемлекет басшысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекет дамуының бағытын айқындады. Яғни цифрлық технология барлық саланың қарқынды легіне серпіліс берері сөзсіз.
Осы тұста, көше бойындағы ақпараттық тұғырнамалар да сандық технологияға ауысуда. Әсіресе, қалалық жерде бильбордтан гөрі, LED экранға жарнама бергенді тәуір көреді. Себебі, бейнеролик арқылы барлық мүмкіндігіңді паш етесің. Хош. Біз бүгін тақырыпқа арқау еткелі отырған мәселе – аудан орталығындағы LED экран. Орталық алаңның ортасына орналасқан бұл заманауи құрылғының мүмкіндігі мол. Нағыз насихат құралы. Елбасының Жолдауы мен стратегиялық бастамалары, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеңіл түрде түсіндіруде таптырмас дүние. Мәселен, бұқара әлі толық түсінбей жүрген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен әлеуметтік көмектің жаңа форматы яғни, бірыңғай жәрдемақы жүйесіндегі жаңалықтар 2-3 минуттық бейнеролик ретінде көрсетілсе құба-құп. Жасыратыны жоқ, орталықтағы LED экран көбіне-көп атаулы мереке күндері ғана іске қосылады. Қалған күндері аумағына көлеңке түсіріп тұратын алып құрылғыға айналады. Десе де, бір мәселе бар. Ол – заманауи ақпараттық тұғырнаманың орнын алмастыру керек секілді. Ал, енді қай жер ыңғайлы? деген сауалға жауап іздеп көрдік. Ә-дегеннен Амангелді көшесі мен З.Мұсаханов көшесі қиылысындағы ақпараттық тұғырнама еске түсті. Бүгінде ол маңға бильборд ілініп, апта ағымында өтетін іс-шаралар ілінеді. Бұл бұрыштың артықшылығына тоқталсақ. Сыр беткейдегі ауыл тұрғындары кентке осы С.Мұсаханов көшесі арқылы кіреді. Ал, Амангелді көшесі арқылы кенттегі барлық көлік қатынасы жүреді. Осы қиылысқа келгенде 30 секунд бағдаршамды тосады. Яғни, еріксіз тоқтайды. Сол сәтте қарама-қарсы беттегі бильбордты міндетті түрде көзі шалады. Ал, егер оның орнында LED экран болса, бейнеролигін тамашалайды. Негізі үлкен қалаларда бұл заманауи ақпарат тақтасы табыс көзіне айналған. Сөзіміз дәйекті болу үшін көршілес Түркістан қаласындағы LED экранға жарнама беру орталығына хабарластық. Білгенімізді бөліссек. Жарнама беру 1 айға 30 мың теңге. Әрбір 2-2,5 минутта 10 секунд көрсетілім болады. Сонда күніне 17 сағат жұмыс уақытысында 400 мәрте сіздің жарнамаңыз көрсетіледі. Ал, егер бейнеролик 15-20 секундтық уақыт болса 40-50 мың теңге деп жоғарылай береді. Әрине, жарнаманың жақсы болғаны, кәсіптің де өрге дөңгелеріне кепіл. Егер мұндай мүмкіндік Жаңақорғанға да жасалса, кәсіпкерлер қауымы қарап қалмасы сөзсіз.
Түйін орнына, тұздық. Биылдан бастап, оннан астам кент, ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеті бар. Яғни жергілікті жерлерден түсетін салықты толықтай жергілікті жердегі басқару органдарына беру арқылы ауыл бюджетін қалыптастырады. Соңыра, дербес бюджетке жиналған қаржыны шашпай-төкпей, қоғамдастық кеңес арқылы елдімекеннің қажетіне жұмсауға мол мүмкіндік. Бұл бағытта алып экранның жарнамадан түсіруге болатын «қаржы көздігі» қаңырап тұр.

Әбдісамат ӘБДІШ.
17 сәуір 2018 ж. 1 827 0