№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында Елбасының халыққа жолдауы талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында Елбасының халыққа жолдауы талқыланды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов қатысушыларды Президенттің жоғарыда аталған жолдауымен таныстырып, ол мемлекетіміздің әрі қарай дамуының негізгі бағыттары белгіленген айқын бағдарламалық құжат екенін айтты. Сот төрағасы өз сөзінде бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінін, алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанын жеткізді.  
2017 жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алып, индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылды. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданып, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Аталған жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін атқаруға тиісті міндеттерді айқындайды.
Қорытындылай келе сот төрағасы Президент жолдауында жолданған тапсырмаларды сапалы және тиімді орындауға сот ұжымы дайын екендігін айтып өтті.
М.Дәріқұлов,
 Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы.
23 қаңтар 2018 ж. 1 295 0