№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ


Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда аграрлы саламен қатар өндірістік бағытта да ауқымды жобаларды іске асырып келе жатқан Жаңақорған ауданының үлесі айрықша. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ауданымызда ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Дүйсенбі күні облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов «Руханият» орталығында аудан активімен кездесті. Облыс әкімі төрағалығымен өткен жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдары мен алдағы стратегиялық
міндеттері талқыланды. Кездесуде аймақ басшысы өңіріміз экономикалық көрсеткіштер бойынша үштік өңірдің қатарында, даму бюджеті соңғы төрт жылда еселеп артып, биыл облыс бюджетінің 727,6 миллирад теңгеге жеткеніне тоқталды.
Халыққа аса қажетті ауызсу 100 пайыз орталықтандырылғаны, алыстағы шалғай елді мекендердің ауызсумен толық қамтамасыз етілгенін айтты. Газдандыру мәселесі бойынша жыл соңына дейін он жоба іске асады, газбен қамту халық санына шаққанда 85 пайызға жеткелі
отыр.
Тұрғын үй мәселесі бойынша биыл облыста 2400 пәтер табысталады. Оның 840-ы пайдалануға берілді. Облыста он алты жеті қабатты үйлер құрылысы жүруде, – деді ол.
Кейінгі төрт жылда барлық ауданда жаңадан 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілсе, оның 254-і Жаңақорған ауданына тиесілі. Сапасына қатысты кемшіліктерді мердігер мекемелер қалпына келтірді. Осы ретте облыс әкімі салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына, құрылыс бөлімінің басшысына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді.
Аймақ басшысы биыл 138 шақырым жол жөнделіп бітетінін айтты, бұл жағдайда жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 85 пайызды құрайды.
                                                ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ
Облыс басшысы алдағы үш жылға негізінде 1 триллион 900 миллиард теңгеге иевестициялық келісім бар, бүгінде оның 1 триллион теңгесіне 14 түрлі жоба жұмысын бастайтынын айтты.
Оның ішінде 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқынды жүруде, одан бөлек 500 орындық емхана, драма театр мен заманауи кітапхана құрылысы басталып кетті.
Жаңақорған ауданында да инвестициялық жобалар бойынша жақсы жұмыстар бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар соңғы төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 5,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға төмендеген.
Осы бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырды. Ауданда газдандыру деңгейі 53 пайыз, бүгінде 5 елді мекенге жоғары қысымды газ құбыры салынуда. Аудан әкімдігі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, ауылдарды
кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
Айта кетейік, аудан экономикасының негізгі салаларында тұрақты даму үрдісі сақталып, бірқатар бағыт бойынша оң нәтижеге қол жетті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызға артты. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 25,3 млрд теңге болған. Құрылыс жұмыстарының көлемі, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы жағынан да өсім бар.
2023 жылдан бері күріш егістігі көлемі 1147 гектарға қысқарды. Сондықтан әртараптандыруға басымдық беруге тиіспіз. Мәселен, көрші Шиелі ауданында 2000-ға жуық гектарға жүгері егіліп, соңғы технологиялармен күтіп-бапталуда.
Соңғы жылдары егісте су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр. Осы орайда су арналарын бетондау жұмысы кезек күттірмейді. Ауданда 175 шақырым шаруашылық су арнасының тек екеуі ғана бетондалған. Осыған тез арада жоба дайындап ұсынуды тапсырды. Бөлінген
қаражатқа арнаны тазалау жұмысы өз-өзін ақтамайтыны, төрт-бес жылда тазалаған аумаққа қайта қамыс өсіп, су
көздері бітелетінін ескертті. Сондықтан жеке жобалаушы кәсіпкерлер арқылы жобалық-құжаттамаларды дайындап, ислам даму банкі арқылы қаржыландыру жоспарына тоқталды.
                     ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН НАҚТЫ ЖОБАЛАРҒА АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК
Жаңақорған ауданының табиғаты жөнінен де, тарихи-мәдени ескерткіштері жөнінен де өңірде өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті шипажайының өзімен жер-жерге танымал екендігі, ендігі мақсат – осы бойы озық тұрған әлеуетін игілікке пайдалану жолдары туралы
кеңесілді. Бір ғана Қаратаудың етегіндегі ертеден аңыз болып келе жатқан тарихи орындардың жарнамасын арттыруда жаңа технологияны қолданып, мазмұндық масштабын кеңейту, жергілікті кәсіпкерлерді тарту арқылы инфрақұрылымды жетілдіріп, маршруттық мүмкіндіктерді тудыру мәселесі де қозғалды. Тау бұлағынан бастау алатын табиғаты тұмса жерлерді көрікті демалыс орнына айналдыру арқылы экотуризмді дамытудың инфраструктурасын талдау мәселесі де құзырлы орындардың жан-жақты ізденісі мен іскерлігін
қажет етеді.
Сайын далада фотоаңшылықтың фанаттарына жағдай қалыптасыру – ол да өзінше дамытуға болатын бағыт екені айтылды. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігеріміз – Алтын Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының тарихын тірілтуде жан-жақты жобалардың қажеттігін айтты.
– Жалпы, Жаңақорғанның туристік әлеуетін тиімді пайдаланып нақты жобаларға айналдыру керек. Бұл жұмыстардың барлығы ішкі және сыртқы туризмді дамытуға мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы
Облыс әкімі Жаңақорған ауданына жұмыс сапары барысында Ақжол ауылының тұрғындарымен және Жаңарық, Әбіғаппар, Өзгент ауылдарының ақсақалдарымен кездесті. Кездесуде тұрғындардың хал-ахуалын арттыруда жеке және шағын кәспкерліктің
үлесіне тоқталды. Бұл бағытта кооперативтерге бірігіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасының демеуіне де иек тұтып, ойда жүрген жобаларды жүзеге асыруға болатыны сөз болды.
Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесі төрағасы Серхожа Ыдырысов сөз алып, бүгінгі таңда Сыр өңірінің басты байлығы болып келген мұнай қорының азайып кетуіне байланысты табыс үлесін агроөнеркәсіпті дамыту арқылы арттыру мәселесіне тоқталды. Өңірде жаңадан ашылатын өндіріс орындарының қатарында Жаңақорған кентінде іске қосылатын құс фабрикасы 120 адамға жұмыс орны болғалы тұрғанын айтты.
– Аудан халқының еңбекшілдігінің арқасында әлеуетіміз жаман емес. Былтырғы жылы су тапшылығына қарамастан межедегі өнімді алдық. Жекелеген тұрғындарымыз да әртараптандыру бағытында еңбектеніп ас-ауқаттық қажетті өздері өндіріп алуға мүдделі. Солардың қатарында өзім де зейгеттік жасқа келісімен өз алдыма шаруашылық ашып, азық-түліктік өнімдерді түгелдей өндіріп келемін. Қабатымда он-он бес жанұяға ауыл шаруашылығы маманы ретінле кеңес беріп, олар да осындай қарекет етіп келеді.
Ауылдық жерде жұмыс жоқ деп қол қусырып отыру ақылға қонбайды. Шаруамен айналысып бір әулетті тарықтырмай асырауға болады, – деген ол қарапайым еңбектің қадіріне тоқталды.
Кездесуде тұрғындар мен ауыл ақсақалдары ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе жан-жақты зердеденіп, тиісті шешімдкер қабылданатынын айтты.
                                 ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Тлеумбетовтың Жаңақорған ауданына жұмыс сапары Сунақата ауылындағы «Әмір» шаруа қожалығының егіс алқаптарын аралаумен жалғасты. Сондай-ақ аймақ басшысы осы сапарда «Сығанақ» қалашығын зерттеу жұмыстарының барысын да бағамдады.
Шаруашылық орта есеппен жылына 200 тонна күріш және 400 тонна көкөніс-бақша өнімдерін өндіреді. Өнімдері Қызылорда және Түркістан облыстарының ішкі нарығына жеткізіледі. Заманауи агротехнологиялармен және техникамен жабдықталған.
Атап айтқанда, «Беларус 1221» тракторы, «Class» комбайны, ХТЗ техникасы, жүк тиегіштер, лазерлі тегістегіштер, КамАЗ көліктері және агродрондар қолданылады. Бұл егін шаруашылығын цифрландыру мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Биыл аймақта 89,7 мың гектарға дәнді дақылдар, 6,1 мың гектарға майлы дақылдар, 73,2 мың гектарға малазықтық дақылдар, 16,8 мың гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектар болды. Бұл қадам су ресурстарын тиімді пайдалану және егіс құрылымын әртараптандыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қолда бар 3975 техниканы толық жөндеуден өткізді. Қажетті минералдық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 65,6 мың тонна, оның 11 мың тоннасы отандық өнімдер есебінен қамтамасыз етілуде.
                                          КӨНЕ СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА БОЛДЫ
Аймақ басшысы барған келесі нысан ортағасырлық Сығанақ қалашығы еліміздегі ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Қыпшақ хандығының, кейін Ақ Орданың және Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала орны. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған маңызды тарихи ескерткіштер қатарына кіреді.
Қазір мұнда ежелгі қамал дуалдарының іздері, төбешікке айналған құрылыс қалдықтары және археологиялық қазба жұмыстары барысында
анықталған нысандар сақталған. Қалашық толық қалпына келтірілмегенімен, оның тарихи келбетін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Баян ҮСЕЙІНОВА

16 маусым 2026 ж. 35 0