№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЭЛЕКТРОНДЫ БАЛАБАҚШАНЫҢ» АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

«ЭЛЕКТРОНДЫ БАЛАБАҚШАНЫҢ» АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

 Елбасы Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді цифрлық трансформациялау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, цифрлық технологияларды дамытуға баса мән берілген. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адами капиталды пайдалану мен дамытудың ең жоғары нәтижесі елдің азаматтарына білім берудің барлық мүмкіндіктерін және барлық азаматтар үшін қолжетімді даму және кәсіби даму мүмкіндіктерін беру арқылы қамтамасыз етіледі.

 Осы тұста, ауданда барлық мектепке дейінгі ұйымдарды «Электронды балабақша» қызметіне көшіру жұмысы аяқталды. Бұл өз кезегінде қағазбастылықтан арылудың тиімді тәсілі. Әсіресе бұл әр баланың балабақшаға бару реттілігіне дейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Тіпті бір баланы бірнеше балабақшаға тіркеп қою келеңсіздіктерінің алдын алуға болады. Жаңашыл жүйенің жаңалығын аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбие жөніндегі әдіскері Фатима Тұртановадан білдік.
– Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 2018 жылдан бастап ЕDDO «Электронды балабақша» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аудандағы 123 мектепке дейінгі ұйым толықтай қосылды. Негізі бұл жүйе облыс әкімдігі мен Татарстанның екі жақты келісімі аясында жасалған. Өткен жылы осы ЕDDO бағдарламасына байланысты Қызылордаға барып, арнайы оқыту курсынан өттік. Бұл бағдарламаны біз қолдана аламыз. Өйткені біздің атымызға логин және құпиясөз берген. Қазіргі таңда аудандағы балабақшалар мен ата-аналар жолдаманы осы электронды база арқылы алуда, – деді Фатима Тұзақбайқызы.
Сондай-ақ сала әдіскері бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – арада адами фактор болмайды. Оған қоса, балабақшада топ құруда ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етіледі. Өйткені бұған дейін бір бала бірнеше жеке балабақшаларда тіркелгені анықталған.
– Жалпы «Электронды балабақша» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, ата-ана мен педагог туралы бірыңғай деректер базасы құрылады. Екіншіден, балабақшаға кезектіліктің жүргізілуін және бала жетістігін бақылауға мүмкіндік ашылады. Үшіншіден, қызметтер үшін онлайн режимде электронды төлемдер жүргізу секілді қолжетімді ақпарат ресурсы пайда болады. Мұның бәрі түптеп келгенде, Елбасы Жолдауынан туындайтын ашықтық пен цифрландыру жүйесінің жаңашылдығын дәріптейді, – дейді Фатима Тұртанова.
Сала әдіскерінің сөзінен белгілі болғандай, балабақшаға кезекке қою, құжаттарды тапсыру, балаларды қабылдау процестері толықтай автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен тиісті бөлімдер арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды өтініш жасауға мүмкіндік туғызды.
Иә, жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Бұл бағытта білім саласының цифрландыру жүйесіне бейімделу процесі қарқынды жүруде.

                                                                                                                                                 Самат ОҢҒАРҰЛЫ
10 қыркүйек 2019 ж. 1 321 0