Гүл
Деректеме
Орынбек Асылбаев. Газетіміздің тұрақты авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, полиция полковнигі, тергеуші - криминалист мамандығы бойынша қызмет сатыларынан өткен. Таулы Карабахтағы әскери жорықта «Ерекше қызметі үшін», облыстық ішкі істер басқармасында қызмет еткен жылдары ІІМ-нің «Үздік тергеуші» төсбелгісіне ие болған. Бұған дейін детективті және көркем дүниелерімен танымал қалам иесінің тағы бір жаңа шығармасы қолымызға тиді. Әскери адамды темір тәртіп, қатаң қағидадан асып кете алмайтын, сезімге сараң, шапағаттан қашықтау санайтын көзқарасымыздың негізсіздігін дәлелдеп берер осындай шуақты жазбалар көбейе түссін деген тілекпен назарларыңызға ұсынып отырмыз, қадірлі оқырман.
Қарағандыдағы жоғары милиция мектебінің соңғы курсында оқып жүрген кезім. Осы қалада медицина институтында оқып жүрген көкшетаулық арудың туған күніне досымыз екеуміз бірдей шақырту алып мәзбіз. Ол қызда екеуміздің де көңіліміз бар еді. Қалтамыздан бес сомнан шығарып, он сомға бес тал әдемі гүл сатып алдық. Ол үш талын, мен екі талын қолға ұстап алып-ұшып жеттік. Қыз досымның ұсынған гүлін ықыласпен алып, әспеттеп әдемі құмыраға салып қойды да, менің берген гүлімнің қасына сабағы қисайған сары гүлді қосақтап, елеусіз ысырып қойды. Біртүрлі ойға кеттім. Сыйлығымның сынық сырын кеш біткен соң бір-ақ білдім. «Не істегенің? – деді әдемі қыз бұртиып, Жұп тал гүлді кісі қаза болғанда әкеледі ғой.
Қайдан білейін? Қызарып кеттім.
Қарағандыдағы әскери оқу орнымыз тікелей Мәскеуге қарайтын болғандықтан кітапханамыз өте бай. Таңдаған тақырып бойынша ізденуге мүмкіндік мол. Ертесіне-ақ кітапханаға келіп, гүл туралы еңбектерді тауып, зерттеуге көштім. Көрер көзге көркем, исі мұрын жарған, айналасын әсемдікке бөлейтін гүл туралы әдебиетте есеп жоқ. Шетінен парақтап, оқып, танып-білуге құныға кірістім. Парықтай білгенге, өмірде не нәрсенің де мән-мағынасы тереңде, Гүл сыйлау – шынайы тілектің белгісі, сол сияқты жек көруді де гүлмен білдіруге болады екен. Ой, бұл гүлдің ырым-жырымының көптігін айтсаңызшы. Қызыл гүлді кімге береді? Сары мен ақ гүлді қосқанда не болады? Оһо, бұл гүлдің тарихтан тарқатылған саясаттағы салмағы да сан қырлы сынды. Жапонияда император өзі тарту ететін ең жоғары марапаттың – Хризантема ордені деп аталуы ше? Сондай-ақ жапан далада өсіп тұрған гүлдің түріне қарап ол жердің астыңғы қойнауында не жатқанын, қандай кеннің түрі бар екенін де анықтауға болады екен.
Қарағандыда жеті-сегіз мәртебелі оқу орындары студенттері бас қосатын ғылыми кітапханада гүлді зерттеуімнің арқасында Сәуле деген кітапханашымен таныстым. «Не болды інім-ау? Философиялық кітаптар сұрап келуші ең, гүлден шықпай қалдың ғой?» деп күледі ол. Ал мен біраз ілім-білім жинадым. Бір қызығы, гүл туралы сол алған ілім-білімім менің кәсібімнің бір сүйеуіне айналды.
Қылмыскерді іздеу, табу, құрықтау мамандығына гүлдің қандай қатысы бар дейтін шығарсыз?
Облыстық басқармада қызметте жүргенімде Мұхаммедов Абдрахман деген бастығымыздың бет қаратпайтын қаталдығы біраз әріптестің басты уайымы еді. Ұнатпаса қуып шығады. Жігіттерден осыны естігенімде алғашқы күні мен де кабинетке батылсыз бас сұқтым. Ол кісі терезе алдындағы гүлге су құйып тұр екен. Айналасын гүлге толтырыпты. Шкаф үсті, тіпті сейфтің үстінде де гүл тұр. Ортақ тіл табуыма гүлді жақсы білетінім әбден жарап тұр еді. Әңгімемді осыдан бастадым. Қызға гүл сыйлаған баяғы оқиға да кетті. Полковник те ашылды. «Үйге барғанда гүл тұрмаса мазам кетеді. Қонаққа барғанда да гүл бар жерден шыққым келмейді. Гүл туралы әңгіме айтқым келеді. Көбі оған шөп-шалам деп қарайды. Біздің қызметте тақырып та басқа» деп ойын ақтарды. «Ол өте жақсы кісі» дедім жолдастарыма. Қатал дейтіні, рас, қатал, бірақ қатыгез емес, бір сөзді, бірақ қиянатқа барады деп ойлама. Гүлді аялап, сүйе білген адамның жаны сірә қатты болсын ба?
Бұл гүл жарықтық қызмет барысында талай мен деген дөкейлермен тіл табысуыма дәнекер болды. Даналыққа құштарлық – криминалистика саласында табысқа жетудің басты кілті.
Гүл – жай өсімдік қана емес, ол – өмір. Ол да мейіріммен өседі, махаббаттан қуат алады. Жаман сөзден, энергиядан жараланады. Жақсы пейілге жапырағын жаяды.
Мені осыған шынайы сендірген оқиғаны баяндап берейін. Қалаға барған сайын досымның үйіне соғуға тырысатынмын. Келіншегінің шайпаулау мінезін менен қанша жасырғысы келгенмен бадырайып көрініп тұрса қайтерсің? Бір күні менің көзімше бұрқылдаған келіншегінің дауы кіреберісте тұрған гүлге келіп тірелгені таң қылды. Дүниеде нәзікжандының гүлге қырсыздығына куә болу кісіге ауыр тиеді екен. Досымның да қабағы кіржиіп, терісіне әзер сыйып отырғанын байқадым. «Осы мен болмасам, гүлге неге су құймайсыңдар?» деп дауды бастаған да өзі.
– Не өспейді, не қоймайды, тырбиып қақсып тұратын да қоятын сыпырғыңды қоқысқа лақтырып тастайық деп неше рет айттым, – деп бұрқылдаған әйелінің де қайтатын түрі жоқ. Қонамын ғой деп отырған мен де сылтау тауып, мына үйден шығып кетуге тырыстым.
Одан бері де бес жыл өте шығыпты. Жақында ол шаңыраққа тағы да жолым түсті. Досым арнайы қонаққа шақырған. Оның әйелінен ажырасып, басқа жанмен бас қосқанын білемін. Қу тіршілік. Қол тимей жүр еді.
Аэропортта өзі күтіп алған досымның жағдайының жаман емесін білдім. Үйге тез-ақ жеттік. Астананың аязы бетті қарып, жаурап кірсек те, үйдің іші жып-жылы, ерекше жағымды атмосферасы жанды баурап алғандай болды. Алған жарының жайдары ұшырамынан жақсы адам екені көрініп-ақ тұр. Киімімізді алып, ілгішке іліп, төр жақты нұсқады. Дәлізден өтіп бара жатып, баяғы орнында тапжылмай тұрған ағаш жәшіктегі гүлге көзім түсіп кетті. Жап-жасыл жапырағы толып, қызыл гүлі нарттай құлпырып тұр...
Орынбек Асылбаев
Орынбек Асылбаев. Газетіміздің тұрақты авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, полиция полковнигі, тергеуші - криминалист мамандығы бойынша қызмет сатыларынан өткен. Таулы Карабахтағы әскери жорықта «Ерекше қызметі үшін», облыстық ішкі істер басқармасында қызмет еткен жылдары ІІМ-нің «Үздік тергеуші» төсбелгісіне ие болған. Бұған дейін детективті және көркем дүниелерімен танымал қалам иесінің тағы бір жаңа шығармасы қолымызға тиді. Әскери адамды темір тәртіп, қатаң қағидадан асып кете алмайтын, сезімге сараң, шапағаттан қашықтау санайтын көзқарасымыздың негізсіздігін дәлелдеп берер осындай шуақты жазбалар көбейе түссін деген тілекпен назарларыңызға ұсынып отырмыз, қадірлі оқырман.
Қарағандыдағы жоғары милиция мектебінің соңғы курсында оқып жүрген кезім. Осы қалада медицина институтында оқып жүрген көкшетаулық арудың туған күніне досымыз екеуміз бірдей шақырту алып мәзбіз. Ол қызда екеуміздің де көңіліміз бар еді. Қалтамыздан бес сомнан шығарып, он сомға бес тал әдемі гүл сатып алдық. Ол үш талын, мен екі талын қолға ұстап алып-ұшып жеттік. Қыз досымның ұсынған гүлін ықыласпен алып, әспеттеп әдемі құмыраға салып қойды да, менің берген гүлімнің қасына сабағы қисайған сары гүлді қосақтап, елеусіз ысырып қойды. Біртүрлі ойға кеттім. Сыйлығымның сынық сырын кеш біткен соң бір-ақ білдім. «Не істегенің? – деді әдемі қыз бұртиып, Жұп тал гүлді кісі қаза болғанда әкеледі ғой. Қайдан білейін? Қызарып кеттім.