№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тергеуші болу да – тектіліктен

Тергеуші болу да – тектіліктен


Таңғы сағат 8.30. Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша арыз келіп түсті. Яғни, жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша Н есімді азаматқа қатысты іс тіркелді. Мән-жайды толық анықтаған тергеуші Шәкәрім Әптай оқиға орнын қорғау туралы нұсқау жергілікті полицияға нұсқау береді. Шұғыл іске кіріскен құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, тергеу изоляторына алып келді. Ары қарай жұмыс тергеуші, полиция капитаны Шәкәрімнің құзырында.
Тергеуші жауап алу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, іс сотқа жөнелтілді. Көп өтпей іс аяталып, өрімдей қыздың өміріне қол сұққан күдікті 10 жылға сотталды.
Шілде айы. Түскі уақытқа дейін АІІБ-не аудан тұрғындарынан 15 арыз келіп түседі. Бір қызығы барлық арыз кент тұрғыны «Алуаш» есімді азаматшаның үстінен алаяқтыққа байланысты екен. Жедел топ күдіктіні қолға түсірді, алайда, нақты дәлел болмағандықтан күдікті күзетпен ұстау туралы бұлтартпау санкция арқылы қамауға алынады. Алайда, қайта тергеу барысында күдіктінің кінәсі толығымен анықталып, іс сотқа жіберіледі. Сот анықтағандай қылмыскер тұрғындардан 200 000 мен 700 000 аралығында ақша алып отырған.
Иә, өзінің лақап атымен көпке танылған нәзік жанды бұған дейін екі рет істі болып, жәбірленушілердің кешірім беруі арқасында соттан босатылыпты. Алайда, бұл жолы ашынған жаңақорғандықтар кеткен шығынын өтеп беруді талап етеді. Іс үкім етті, күдікті 190 баптың 2-бөлігі, 2-тармағымен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл былтырғы алаяқтыққа байланысты істің бірі. Оның сөзінше былтыр сот қарауына алаяқтыққа қатысты іс көбірек жіберіліпті. Оның басым көпшілігі жұмыссыздық мәселесін шешудің жолын іздеген алаяқтықтар.
Міне, Шәкәрім Әбділлаұлының қызметі осындай. Келген күдіктіні тергеп-тексеріп, кінәсін анықтаған жағдайда сотқа жөнелтеді. Бала кезден құқық қорғау саласында қызмет еткісі келген ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына оқуға түседі. Төрт жыл жоғары білімін шыңдап келген жас маман АІІБ-не қызметке орналасады. Бұл қызметте жүргеніне екі жылдан асқан Шәкәрім тергеуші болудың қаншалықты жауапкершілік талап ететінін сезініп келеді.
– Бұл мамандық менің бала кезден арманым болатын. Сондықтан, ешқашан өкінбеймін. Қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Кейде жауап алу барысында әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретіні бар. Сондықтан осындайда нақты дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, – деді тергеуші. Шыны керек, кейде тұрғындардың құзырлы орган қызметкерлеріне көңіл толмайтыны да бар.
– Тұрғындар тарапынан заң шешімдеріне кейде реніштер туындап жатады. Әрине, көңілі толмайтыны түсінікті. Алайда, тергеушілер істің ақ-қарасын анықтаған жағдайда ғана іс сотқа жөнелтіледі. Арғы жағы соттың еншісінде, – деді ол.
Әңгіме арасында ол ауданда өршіп тұрған тағы бір қылмыстың ашылуын сөз етті.
– Бүгінде жас та, кәрі де оңай жолмен ақша табуға машықтанып алған. Яғни, есірткі сатуды кәсіп еткісі келетіндер көбейді. Кейде нақты айғақтар болмаған соң іс соңына дейін жалғаспайды, – деді тергеуші.
Жуырда кент тұрғыны, жасы елуді алқымдаған азаматтың есірткі затын сатып жүрген туралы ақпарат келіп түседі. Нақты айғақтар болмаған соң іс кейінге шегеріледі. Алайда, қайта тінтуде бір нәтиже беретін тактикалық, психологиялық әдіс – ауызша барлау. Яғни, бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялық көңіл-күйін бақылайды екен. Затты жасырған жері аталғанда, өзін қанша ұстамды ұстаса да тінтілетін адам көбіне қобалжыған көңіл күйін білдіріп қояды. Міне, осындай тінтудің арқасында жоғарыда аталған күдікті кінәсін толық мойындады. Сот үкім шығарып, кінәлі темір торға тоғытылды.
Күндіз-түні келген талап-арыздың ақ-қарасын анықтап, кінәліні табуда еңбек ететін Шәкәрім Әптайдың қызметі қауырт. Сондықтан біз қылмыстық істерді тізбектеу үшін емес, сала қызметкерінің ісіне бақылау жасаған болатынбыз. Жас болса да қызметіне жауапкершілікпен қарайтын Шәкәрім өмірде қарапайым жан. Әрі, отбасылы, ісіне ұқыпты жанның бар арманы өз саласының биігіне көтерілу.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
20 ақпан 2018 ж. 1 809 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 01:53
Zithromax Canada Blackmarket Cilias Coversyl buy viagra online Discount Programs For Accutane Cialis Generique Site Serieux

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 01:33
Amoxicillin Mg Canadian Pharcharmy Online Viagra Cheapeast Ordering Doxycycline cheap propecia no prescription Buy Metronidazole 750 Mg Without A Prescription 2 Day Cialis Delevery