Ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы Қоғамдық Диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Жолдауында: «Білім беру сапасын жақсарту керек» деген пәрмен берген болатын....
Қазақ елінің мәдени мұрасының бірі – халық әндері. Ел ішіндегі халықтық өнерді, халық әндерін елге танытып бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Көктөбе ауылдық округінің клуб үйінде өткен «Бабалар әнін жырлайық» атты ән байқауының куәсі болып қайттық....
Жаңақорған аудандық шаруашылық есептегі архиві ең алғашқы құжатты Жаңақорған Санаториясы, бүгінгі «Жаңақорған» шипажайынан қабылдаған еді.Бүгінгі таңда архив қорында 1942-2012 жылдар аралығындағы 521 құжаты тұрақты сақтауда тұр. Сол құжаттар негізінде 100 жылдық тарихы бар шипажайдың тыныс-тіршілігі жайлы...
2020 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымға жазылу аяқталуға жақын. Газеттің қуаты белсенді оқырманымен өлшенеді. Ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған уақытта ақпарат алудың тетігі көбейді. Бұл дәстүрлі газеттердің тынысын тарылта түскені анық. Алайда мазмұны бай, ойы кемел газет-журналдарға...
Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші жобасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті....
Сазгер өмірде аз жасағанымен өнер жолында өнімді еңбек етіп, соңында ғұмырлы дүниесі, өлмес мұрасы – әндері қалды. Осындай әндерін насихаттап, өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында «Арман» мәдениет үйінде еске алу кеші өтті....
«Тазалық – табалдырықтан басталады». Бұл қанатты сөз жаңақорғандықтарға жақсы таныс. Себебі, ауданға жаңа әкім келгелі, тазалық мәселесі – күн тәртібіне қайта шықты. Бұған дейін, аймақ басшысы бекіткен екі айлық тазалық науқанында қызу жұмыс жүрсе, енді жыл он екі ай күн тәртібінен түспейді. Шындап келгенде,...
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов Жаңақорғанға әкім болып келгелі ең алдымен тазалыққа мән берді. Көше-көшені аралап, жауапты сала мамандарына кентті таза етудің тетігін қарастыруды жүктеді. Соның нәтижесінде тұрғындармен келісімшарт жасалынып, әр отбасына жан басына шаққанда бір айға 65 теңгеден төлеу келісілді....