№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бексұлтанның ән әлеміне саяхат

Бексұлтанның ән әлеміне саяхат


Сазгер өмірде аз жасағанымен өнер жолында өнімді еңбек етіп, соңында ғұмырлы дүниесі, өлмес мұрасы – әндері қалды. Осындай әндерін насихаттап, өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында «Арман» мәдениет үйінде еске алу кеші өтті.


Аудан мәдениеті көкжиегінде Бексұл­тандай дара тұлғаны сөз етпеу мүмкін емес. Бүгінгі ұрпақ Сыр өңірінің өнеріне өшпестей із қалдырған, тумысы бөлек сазгер жайлы терең білуі тиіс.
Аудандық «Әлшекей» атындағы өнер мектебі мен балалармен мәдени-тәрбие орталығының ұйымдастырумен өткен бұл шараға сазгердің бауыры Нұрсұлтан Өтепбергенов, жары Шәрбану апа, ақын, сазгер Жақсыгүл Бегманова, білім саласының ардагері Зинабдин Шермағанбетов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиал төрағасы Ізатілла Нәрзілдаев, ақын, жазушы Файзулла Сахиев, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже, аудандық мәслихат депутаты Зағипа Әбжалелова, «Әлшекей» өнер мектебі директоры Қалдыбай Қошқарбаев, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Елшібек Сатержинов және «Арман» мәдениет үйінің директоры Күлән Әбілтанова, тәрбие орталығы директоры Әлімжан Ержанов қатысып, біртуар дара тұлға жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
Сазгердің алғашқы әні «Ақ баянды» Қаратау қазынасы фольклорлық ансамблі мүшесі Балауса Сахан нақышына келтірді. Сондай-ақ кеш көрермендері әлем халқы музыканттарының туындыларын сырнайшылар ансамблінің орындауында тыңдады.
Сазгер жайлы жыр жолдарын тұмар қылған Жанерке Бектұрсынқызы, Әбдуәлі Олжас және Алтынай Нұржанқызы сахна төріне көтеріліп, ән ағаға арнауын төкті.
Ауданға белгілі домбырашы Гүлжазира Кембилованың шәкірттері сазгердің әндерінен попурри орындап, көрермен көңілін серпілтті.
Бексұлтан Байкенжеевтің әндері жаныңды тербеп, тамсантпай қоймайды. «Ақшолпан» мен «Ақгүлімнің» әр кеш сайын орындалатыны заңдылық. Дамир Сарман мен Біржан Орынбасардың орындауында дара таланттың шығар­машылығы қайта қанаттанып көп көңі­ліне сағынышты қонақтатқаны анық.
Осындай рухани кештің куәсі болған сазгердің жары Шәрбану апа отбасылық өмірдегі естеліктерімен бөлісті. Шара соңынан сөз алған бауыры Нұрсұлтан Өтепбергенов әншінің бауырларына деген ізеті мен құрметін сөз етті. Ел ағалары Зинабдин Шермағанбет пен Ізатілла Нәрзілдаев «Әлшекей» өнер мектебінің алғаш тізгінін ұстап, балаларды өнерге баулуда өшпестей із қалдырған ерен ердің өнері өлмейтінін тілге тиек етті. Осындай естеліктерімен бөліскен бірқатар тұлғалар өз кезегінде сөз алып жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңынан өнерлі балалар сазгердің туған жеріне арнаған «Гүлденген Жаңақорған» әнін орындады. Бексұлтан ағаның ел естімеген қыр-сырына қанық болған көрермен қауымы да өз ризашылықтарын білдірісті.

Майра ҒАНИЕВА
04 желтоқсан 2019 ж. 835 0