№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жаңақорған тынысына" ең көп жазылған ұжым

"Жаңақорған тынысына" ең көп жазылған ұжым


2020 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымға жазылу аяқталуға жақын. Газеттің қуаты белсенді оқырманымен өлшенеді. Ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған уақытта ақпарат алудың тетігі көбейді. Бұл дәстүрлі газеттердің тынысын тарылта түскені анық. Алайда мазмұны бай, ойы кемел газет-журналдарға сұраныс әлі бар. Сондай басылымдардың қатарында «Жаңақорған тынысы» газетін де көруге болады. Әрине бұған аудан басшыларының төл басылымға деген ықыласы мен оқырмандардың қолдауы әсер етіп отырғаны анық.

Енді төл газетке жазылу жайына тоқталсақ. Ауданның үнжариясына ай­нал­ған газетті педагогтар, дәрі­герлер және мәдениет саласының қыз­меткерлері қолдаудан тыс қалған емес. Медицина қызметкерлері жыл­дағы көрсеткішті жақсартып, 813 данаға жазылды. Сондай-ақ орман жә­не жануарлар дүниесін қорғау меке­месі, аудандық полиция бөлімі, кітапханашылар газеттің шынайы қол­даушысы екені анық.
Алайда бейқам жатқан мекемелер де баршылық. Басқасын қоя тұралық, аудандық білім бөлімінің баспасөзге жа­зылуда кешеуілдеуіне не кедергі? Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлік бөлімі, жер қатынастары бөлімі, жастарды қолдау орта­лығы, «Жаңақорған жарығы», туберкулезбен күрес диспансері, «Қамқоршы» несие орталығы және т.б мекеме қызметкерлері қозғалыссыз отыр. Аты дүрдей Мемлекеттік кірістер басқармасы, статистика, әділет басқар­маларының тырс етпегені қалай?
Аудан мектептерінде жарты жыл­дық жазылым көрсеткіші жоғары, аудандық балалармен мәдени тәрбие орталығы жоғары деңгейден көрініп отыр. «Нөлдік» көрсеткіште тұрған білім ошақтары, бұл олқылықты түзетіп, баспасөзге жазылуға бет бұрар деген ойда атын атап, түсін түстеуді жөн көрмедік.
Кент және ауылдық округтердің әкім­діктеріне тоқталсақ. Ақүйік, Сүттіқұдық, Екпінді, Қосүйеңкі, Жаңа­рық, Аққорған ауылдық округі тұрғындарының төл басылымға белсенді жазылуы байқалады. Ал Талап ауылдық округінің тұрғындары газетке жазылуға асығар емес. Кейдендік ағайындар небәрі 5 газет алуға ниеттеніпті. Төменарық – 119, Бесарық – 84, Өзгент – 76, Келінтөбе – 77, Шалқия кенті мен Жайылма ауылы – 69, Қаратөбе – 68, Сунақата – 63, Қандөз – 59, Қожакент – 56, Қыркеңсе – 55, Байкенже – 53, Машбек Нәлібаев – 44, Қожамберді – 30, Қыраш – 26, Манап – 24, Көктөбе – 18 дана газетке жазылды. Әрине кент және ауылдық округтер әлі де газетке жазылуды жүйелі ұйымдастыратынына сенеміз.
Газеттің негізгі қолдаушылары ұстаз­дар қауымы екені ақиқат. Аудандағы мектептер бұл жолы да белсенділік танытты. Бірақ №51, №56, №160, №192, №184, №209, №224 және №254 мектеп намысты ұжымы әлі де болса қамшылай түсетіні анық.
Төл басылымға жазылу жалғасуда. Өзің тұратын өлкенің күнбе-күн тынысын сезі­ніп, жаңалықтарымен бөліскің кел­се, сүйікті газетіңе жазылудан кеш қалмаңыздар, ағайын!

Майра ҒАНИЕВА

05 желтоқсан 2019 ж. 664 0