Бабалар айтқан асыл сөз

«Адал – адам» мәдени-тәрбие орталығының «Арт уақыт» жобасы аясында
өткен «Бабалар айтқан асыл сөз» атты терме үйірмесінің кезекті сабағы тағылымға толы мазмұнда өтті.
Сабақ барысында халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл сөздері, терме мен нақылға айналған өсиеттері кеңінен қозғалып, олардың бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар ұлттық сөз өнерінің құдіретін сезініп, терменің тәрбиелік, рухани мәніне терең бойлады.
Үйірме жетекшісі Мұхтар Дәрібаев әрбір терменің шығу тарихына тоқталып, бабалар аманатын ұлықтаудың, сөз қадірін білудің маңызын ерекше атап өтті. Сабақ ашық сұхбат, пікір алмасу форматында өтіп, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді сіңіруге, ұлттық рухты нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.
Ұлттың рухани қазынасын дәріптейтін игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.




