Құрылтай

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорғанның намысын жырмен асқақтатқан ақындар!

Жаңақорғанның намысын жырмен асқақтатқан ақындар!



А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана жанынан құрылған «Поэзия патшалығы» клубының мүшелері –
Айғаным Сәбитқызы мен Ізбасар Әбдібектегі Қармақшы ауданында ұйымдастырылған жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алуға арналған «Ұстаз-Ана» атты дәстүрлі облыстық жазба ақындар байқауында Жаңақорған ауданының намысын абыроймен қорғап, жүлделі өнер көрсетіп, арнайы Алғыс хатпен марапатталып оралды.

Бұл – тек жеңіс емес, бұл – рухтың биіктігі, сөздің құдіреті, өнердің өміршеңдігі!
Сіздердің әрбір шумақтарыңыз – елдің жүрегіне жол табатын шынайы сезім,
әрбір жырларыңыз – ұлттың рухын көтеретін асыл мұра.
Ақындарға тілек:
Қаламдарыңыз мұқалмасын,
Жырларыңыз сарқылмасын!
Шабыттарыңыз шарықтап,
Әр өлеңдеріңіз жүректерге нұр құя берсін.
Ел мерейін үстем етер өнер жолында
Әлі талай биіктерді бағындыра беріңіздер!
Жаңақорғанның жырлы жастары – сіздермен мақтанамыз!
29 наурыз 2026 ж. 2 169 0