№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты» ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыруды өшіреді.
Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.
Дайындаған: Айшолпан НҰРМАШ
28 наурыз 2026 ж. 2 536 0