Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көктөбеде күнде жиын

Көктөбеде күнде жиын


Қазақ елінің мәдени мұрасының бірі – халық әндері. Ел ішіндегі халықтық өнерді, халық әндерін елге танытып бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Көктөбе ауылдық округінің клуб үйінде өткен «Бабалар әнін жырлайық» атты ән байқауының куәсі болып қайттық.


Қазақ даласының әсем әндерін жүре­гімен ұға білген, аудандық өнерпаздар байқауында кент және ауылдық округ­терден 14-29 жас аралығындағы өнерлі өрендер бақ сынады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Көктөбе ауылдық клубы және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ халық әндерін орындаушылар байқауын ауыл әкімі Боран Әбуов ашып, өз сөзінде ұлттың дәстүрін және мәдени құндылықтарды дәріптеп, насихаттау арқылы өскелең ұрпақ бойына ұлттық мұрамызға деген құрметті қалыптастыру керектігін айтты.
Қатысушылар байқау шарты бойын­ша екі әннен орындады – заманауи ырғақта өңделген халық әні және қазақ ком­позиторларының еркін тақырыптағы әндерінен өнерлерін ортаға салды.
Алғашқылардың бірі болып сахна төріне көтерілген қаратөбелік үміткер Сандуғаш Қозыбаева халық әні «Бір бала» мен «Мұңайма» әнін орындады. Ал, жаңарықтық Гүлдана Сауранбай «Ақжайнақ», «Сағынғанда» әндерін нақышына келтіріп, көрерменнің көңілін көтерді. Үшінші болып өнер көрсеткен келінтөбелік Ұлжалғас Құтымбай «Бала­панқаз» және «Осылай бола ма» ән­дерін шырқады. Көктөбе ауылының тума­сы Гүлдана Досан «Балапанқаз», «Сағын­баймын», жаңақорғандық Іңкәр Әлиасқар халық әні «Желкілдек» және «Беу – айдай» әндерімен көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ бесарықтық Аружан Қыдырбай «Әгугай», «Атамекен» әнін орындаса, Манаптай ақынның ауылынан келген өнерпаз Ислам Нағызхан «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ауылға сағыныш» әндерімен көңілді кеш сыйлады.
Халық әндері жоғары тәрбиелік мәні­мен, азаматтық болмыстың бояуы­мен қуатты. Әсерлі бейнелеуімен, көр­кемдігі өзіне тартады. Осындай халық әндерін орындап, бойымызға рух сыйлаған өнерпаздардың өнерін қазылар алқасының төрағасы мәдениет саласының саңлағы Абай Камалов үміткерлерге орындаушылық шеберлігі мен сахна мәдениетіне қарап лайықты бағасын берді.
Жанды дауыстағы ән байқауының қоры­тынды кезеңінде бас жүлдені жаңақорғандық Іңкәр Әлиасқар ием­денсе, бірінші орын Ислам Нағызханға бұйырды. Ал Аружан Қыдырбай екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынға екі үміткер лайықты деп табылды. Олар Гүлдана Сауранбай және Гүлдана Досан. Өнер көрсеткен жас өрендерге ауыл әкімі өз атынан дипломдарын табыс етіп, ұйымдастырушылар тағайындаған сыйлықтармен марапатталды. Байқау соңынан қатысушылар естелік суреттерге түсіп, әрі қарай ауыл жастарының би кешімен жалғасын тапты.

Майра ӘБДУӘЛІ
05 желтоқсан 2019 ж. 773 0