Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 59

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 59

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 59

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ" СЫР ӨҢІРІНДЕГІ "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ" АТАНДЫ

"ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ" СЫР ӨҢІРІНДЕГІ "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ" АТАНДЫ

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші жобасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Жомарт жүрек» облыстық конкурсының қорытындысымен «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық тобы «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ие болды. Аймақ басшысының орынбасары Наурызбай Байқадамов "ЖЖЖ" қоғамдық қоры директоры Еркінбек Айнақожаевқа арнайы лента тағып, естелік статуетка табыстады.
Айта кетейік, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы – әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға  демеушлік жасағаны үшін берілді.
Барша жаңақорғандық жомарт жандарға әрбір жобамызға демеушілік жасағаны үшін алғыс айтамыз.
04 желтоқсан 2019 ж. 1 685 0