№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ



Бүгін Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылында ұлағатты ұстаз Ұмытпа Бимырзаұлы мен КСРО спорт шебері Таубай Мылтықбаевтың жүлдесіне арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында дәстүрлі V-ші республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаев, Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі Икрам Әзизұлы және Ұмытпа Бимырзаұлы мен Таубай Мылтықбаев сондай-ақ, ауыл ақсақалдары қатысты.

Басқарма басшысы өз сөзінде жас спортшыларға сәттілік тілеп, ел намысын қорғайтын болашақ чемпиондардың дәл осындай додаларда шыңдалатынын атап өтті.

- Ең алдымен баршаңызды бүгінгі республикалық турнирдің ресми ашылуымен құттықтаймын! Осындай дүбірлі додаларда балуандарымыз тек тартысты белдесу өткізіп қана қоймай, тәжірибе алмасады, өзара бәсекеге түседі. Сол үшін боз кілемде әділ бәсеке көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға сәттілік пен жеңіс тілеймін! – деп тілек білдірді.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары жас спортшыларға өздерінің ақжарма тілегін арнап, Әлем және Олимпиада ойындарының жеңімпазы болсын деп ақ батасын берді.

Ашылу салтанатының соңында Ұмытпа Бимырзаұлы мен Таубай Мылтықбаевқа қазақтың дәстүріне сай құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.

Айта кетейік, бесінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі додаға еліміздің бірнеше өңірінен 13 команда, 300-ден астам спортшы 11 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Балуандар бәсекесі 30 наурызға дейін жалғасады.
29 наурыз 2026 ж. 63 0