Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жақсының жарығы сөнбейді

Жақсының жарығы сөнбейді


Сырдың мақтаныш етер перзенті Жақсылық Рақматулламен құлын тайдай бірге ойнап, өсіп едік. Біз мектепті бір класта оқып бітірдік.


Жақаң қарапайым малшының жан­ұясында дүниеге келіп,оның жастық шағы сұлу сырдың бойында өтті. Шеңгел мен дария бойындағы тоғайдың арасында, топырақты жалаң аяғымен кешіп, алаңсыз асыр салып ойнап өскен ауылдың қара домалақ баласының бірі болды.
Ол жас кезінде бастауыш мектепті ауылдық жерде тәмәмдап,он бір жылдықты Жаңақорған ауданы орталығындағы №51 орта мектепте оқып бітірді. Жас кезінен зерек Жақаң мектепте жақсы оқыды.Үлгілі жастардың бірі болды. Оның кітапқа, газет-журналға, жазуға деген қызығушылығы сол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ белгілі болатын.Оның осы құмарлығы Алматы қаласында жорналшы мамандығы бойынша жоғары білім алып шығуымен жалғасты.
Жақаң еңбек жолын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Комунизм жолы» газетінде тілші болудан бастап,кейін редакторы,одан соң осы облыстың Сырдария ауданындағы «Сырдария» газетінде редактор болып қызмет атқарумен ұласты. Осы тұста Жақаңның журналистика саласындағы біліктілігі, тәжірибесі, ұйымдастыру қабілеті облыс басшыларының назарына ілігіп, оны облыстың бас газеті «Сыр бойы» газетінің редакторлығына тағайындады. Жақаң өз саласын жете меңгерген білікті маман ретінде сол газетке басшылық жасай жүріп облыстың әлеуметтік,экономикалық дамуына баспасөз ақпараттары арқылы өз үлесін қоса білген абзал азамат ретінде есте қалды. Жақаң «Сыр бойы» газетінде басшылық жасап жүрген кезеңде кеңес үкіметі тарап, еліміз егемендік алып, аяғынан тәй-тәй басып жүрген кездегі тоқырау кезеңі журналистика саласын да айналып өтпей өз ауыртпалығын тигізді. Сол тұста Жақаң басшы ретінде ерлік пен табандылық көрсетіп, облыстық газеттің уақытылы жарық көруіне, сол арқылы облыс көлеміндегі болып жатқан өзгерістерді жетістіктердің облыс халқына уақытылы жеткізіліп тұруына орасан зор еңбек ете білді. Осындай жанқиярлық еңбектердің нәтижесінде облыстың «Сыр бойы» газеті Республика көлемінде алдыңғы қатарлы газет аталып, бірнеше мәрте түрлі марапаттарға ие болғандығын білеміз. Біздер Жақаңның кластастары жырақта жүрсекте оның еңбек жолындағы жетістіктері мен қызметтеріне риза болып,онымен мақтанып жүретінбіз. Бәріміз білімге құштар болдық. Және барлығымыз дерлік сабақты жақсы оқыдық. Оған дәлел ретінде 25 ұлдың барлығы, 16 қыздың 15-і жоғары білім алғандығын айтсақ жеткілікті болар. Кластастардан Жақсылық «Сыр бойы» газетінің редакторы болса,көпшілік ұл-қыздарымыз жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Сардарбек Әбиев академик-ғылым докторы атақтарына ие болып,институттың директоры қызметін атқарды. Ал Жармақан Төреқожаев, Аман Балабеков, Жарылқасын Боранбаев, Есенәлі Мырзабаев, Мұса Әсенов, Болат Шоманов, Орынбасар Нәлібаев, Өмірбек Мәрсәлиев, Қасымбек Төлепбергенов, Оразәлі Жамалханов, Байболат Қасымбеков, Аманқұл Қыдырбаев, Хасан Жүнісов, Алшынбай Тұртанов, Тынымбай Искаков, Төлеу Тұрсынханов ғали Отарбаев, Сейсен Мұхтарұлы, Мәулен Аманов, Әбен Тұрсынбаев, Сұлтанбек Тұрсынханов, Баязитов Кәрім және басқа да кластастарымыз савхоз директоры, мекеме басшылары, жауапты қызметкерлер болып елге сыйлы азаматтар бола білді. Мен де еңбек жолымда комсомол, кәсіподақ, партия, шаруашылық, әкімгершілік салаларда ұзақ жылдар бойы жауапты,басшы лауазымды қызметтер атқардым. Қыздарымыздың басым бөлігі ұстаздық мамандықты таңдап жастарға дәріс беріп еңбек етті.Кластастар болып мектеп бітіргенімізге 20-30-40-45-50-55 жылдық кезде­сулерді бірге атап өткізіп келдік.Өкініш­ке орай, арамызда көптеген кластастарымыз бақилық болып кетті. Енді, міне, аяулы азаматымыз Жақсылық Рақматулла да бұл өмірден озды. Жақаңның қазасынан болған қайғыны бөлісе келіп, туыс бауырларына,ағайындарына көңіл айтамыз.Оның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәнатта, пейіште болғай. Жақаңның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Тұрсынхан Құрманбеков,
Алматы қаласы.
05 желтоқсан 2019 ж. 742 0