№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » КҮРЕҢДІКІ БАС БӘЙГЕ

КҮРЕҢДІКІ БАС БӘЙГЕ



Күреңдікі бас бәйге
Адам бар ма қызбаған,
Той думанда денесі.
Қадірлі қазақ атамнан,
Соңғы кезде кәдесі,
Сайыстардың мыңдаған,
Бәйгеде ғой дәмесі.
Баптаған сұлу сәйгүлік,
Кімнің келмес әуесі,
Жиылар болсаң жақсылар,
«Кеммін бе, – дейтін, мен осы».
Жүйрік-ақ ақындар бар-ау,
Құлаққа түгел естілер,
Сайлаған сәтте төреші.
Білуге бәрі ынтызар,
Жоқ болса да ап-бересі.
Бір құнанды жырлаған,
Ілеспес оған қыл құйрық,
Әтихан оның егесі.
Мамырдың бір мейрамы,
Өткен кез Жаңақорған
Жүйрігі барлар қолдағы,
Басқадан бітік өресі
Шаппайтын саңлақ болмайды,
Бабын тапса егесі.Белгілі ғой әр жүйрік,
Өзінше осал емесі.
Шартақтан шықса шатынап,
Сөгіліп көптің көбесі.
Дәйекшіден дәл кеткен,
Байқалса ат төбесі.
Дуылдап қалың жұртшылық,
Көбейер айқай, әп-десі.
Шатасқан жандар кездігер,
Күмән мен күдік сезілер,
Дегендей болып кейбіреу.
Күрең анау, кер осы.
Қаратқан жұртты аузына,
Дегендей артта жер осы.
Айызыңды қандырар
Ауызға сөз ғып алғанда.
Жұрт назары ауды кеп,
Әтихан баққан құнанға.
Өзім де көрдім көзіммен,
Сол қиынға барғанда.
Әтиханның құнаны,
Жарыса шапты қалыспай.
Қайырға біткен қамыстай,
Тастөбеде құлағы
Көргендер қайран қалады.
Екі көздің жанары.
Электрдің шырағы.
Төрт аяғы тік біткен,
Құйылған болат тұяғы.
Сұлулығы бір сүмбе,
Кездесе бермес әркімге.
Мақтауға әбден тұрады,
Жарыстың алдын бермейді.
Тер шыққан сайын өрлейді.
Әр жерден шаңы шығады,
Ескен желмен жарысып.
Көрген емес қалысып,
Састырып сағым қуады.
Шоқпар кекіл, қоян жақ,
Бөкен қабақ, дара бақ.
Көп шапты оң мен солдан да
Қайысқан үш мың аты бар,
Жиылған кіл жақсылар,
Жай кісі бар, басшы бар,
Бір мыңдай адам шолғанда.
Әйгілі той болғанда,
Елу бәйге ат, қырық құнан,
Жүздеген бар жорғаң да.
Жайдақ жеңіл машина,
Мотоцикл қасында,
Қанша деген сөз бар ма?
Ішінде он бес минуттың
Жер алып жиырма шақырым.
Айналуда бірінші,
Ат иесі қайғы алды.
Оған себеп жылқыдан,
Жаңа ұстап байланса.
Қалыңдығы етінің,
Болар деп кесір ойланды,
Ұсталған да бабы жоқ,
Тек жем-шөпке қойғанды.
Бұл бәйгенің жайынан,
Күн ілгері қамданбай.
Сол күні хабар алғанды,
Не етеміз балақай,
Сен боласаң қоспаймын,
Бәйгені босқа тоспаймын.
Деймін де кетем бар, айда,
Мәжит сонда бүгілмей.
Аға оның дегендей,
Менсіз бәйге тарай ма?
Шаршағам жоқ шабамын,
Қалайда көңіл табамын.
Қызметім болсын ағайға,
Қос атқа бір шаппасам
Мені ел егер балай ма
Мұны да сезді қалың көп,
Баласы-уа деп асылдың.
Артық туған нәсілдің.
Немересі екен деп.
Кенженің ұлы Әшімнің,
Қолданды бәрін тәсілдің.
Құлағында ойнап құнанның,
Кезекпен көзін сүртеді,
Өзі екен жаны ашырдың,
Айналуда ақырғы,
Қамшының алып астына,
Абырой асты да
Керек оған айла,
Атшабар Мәжит жас бала,
Белгілі болған маңайға.
Бұл бір күрең емес-ау,
Бұрын да мінген талайға.
Епшіле бала, өктем ат,
Ай-шайына қарай ма?
Бәйге аттан түскен кезі еді,
Оны әркім сезеді.
Әтихан тұр сан ойда,
Құнанға тағы мін деуге.
Екінші рет Мәжитжан,
Жарамай ма жарай ма?
Бірінші келіп жүлде алды,
Мадақтамай бола ма.
Ол секілді жасты да
Сүйегі сұлу күреңкей,
Бапсыз-ақ келді тегінде.
Жүйрік ат адам жаралар,
Әлемге болып пара-пар.
Анда-санда өмірге,
Ат мұрат деп бұрынғы.
Ата-баба айтқан ғой,
Жұбаныш етіп көңілге.
Жырлайды Манап ақының,
Сол үшін күрең жөнінде.
Шайдарбекқажы ӘШІМҰЛЫ.
29 шілде 2019 ж. 722 0