№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас баланың аузына түкіру қайдан шықты?

Жас баланың аузына түкіру қайдан шықты?



Қызыр ата бірде Әзірет Сұлтанға қонаққа келеді. Яссауи бабамыз шәкірттерін отынға жұмсайды. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болады. Бықсып жанбайды. Сүлеймен есімді шәкірттің ғана ағашы құрғақ екен. Асты соның отынымен пісіреді. Қызыр: 
- Ұлым, сенің шөпшегің неге құрғақ? - деп сұрайды. Бала: 
- Мен отынды шапаныммен орап, су тигізбей әкелдім, - дейді.
- Мұны қайдан үйрендің?
- Әкем үйге отын таситын. Жолда жаңбыр жауса, шекпенімен бүркейтін. Мен үнемі әкеме қолғабыс етіп жүретінмін. Осы әдеті жадымда жатталып қалыпты, - деп жауап берді бала. Баланың зеректігіне риза болған Қызыр: 
- Балам, сенің атың «Хәкім» болсын. Алла саған хикмет берсін, - деп бата беріп, оның аузына түкіреді. Қызырдан шарапат жұғып, Сүлеймен хикметке жүйрік болады. Құранның мағыналы сырларын өлеңге қосып жырлайды. Ел-жұрт оның хикметтерін жаттап, Құранға сауаты ашылады. Содан бері сыйлы қонақтарға сәбидің аузына түкірту дәстүрі пайда болады. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген сөз осыдан қалса керек.
«Сүлейменге Қызырдың назары түсуі», 68 бет.
«ЯССАУИ ФЕНОМЕНІ» кітабынан.
15 наурыз 2019 ж. 1 516 0