№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтың болмысы

Азаматтың болмысы

 
 Бірде Мамытбек Баукеңе қазақ ССР-інің халық артисі Кененбай Қожабековтың өмірі, азаматтық болмысы, рөлдерді орындаудағы шеберлігі, оған табиғи бойлап ену қабілеті туралы естеліктер айтады. Сөзінің соңында Кененбай шыққан тегі туралы опера және балет театрының қарт әншісі Рахымбай Керімбаевтыңестелігін айтып беріпті:
–Шешесін жақсы білмеймін. Той думанда ән айтып,ақындар айтысына қатысқан деп естідім. Ал әкесі Қондыбай батыр –  бағлан туралы өлең-жыр, қиссаларды, ертегілерді қисапсыз көп білетін. Тоқсаннан асса да төр құбыласы түгел кісідей жайраң қағып отыратын.  Өзі кірпігіне кір жуытпайтын сырбаз, сыпайы, шешен кісі еді. Күні бойы мәжілісте не жөтеліп, не қақырынып-түкіргенін көрген емеспін. Таңға көз ілмей әңгіме-дүкен құрғанымызда жастыққа жантайып, не бір қисаймайтын, тіп-тік отыратын.
Жасында  нелер сұлулармен айтысқан, жүйрік ат мінген сылқым сері болыпты. Өзі ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей қайратты, аққұбаша өңді, тік қабақ, келбетті еді. Әрдайым үлкен-кіші деп жұртты алаламай, бәріне жылы жүзбен күлімсірей қарайтын. Әңгімені асықпай, саспай, бейне бәрін жаттап алғандай нәшіне келтіріп, тыңдаушысын еліктіре айтатын.
P.S. Осы орайда Джеймс Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» кітабы ойыма оралады.Сол кітаптағы Чингочук  бейнесі қандай асқақ болса, Рахымбай қарттың айтуында Қондыбай батыр бейнесі одан да биік тұр, оны  қалай шебер суреттей білген. Бекзаттық, сырбаздық, сабырлылық пен төзімділік бір ғана адам бойына қалай сиып тұр. Қазіргі таңда осындай төрт аяғын тең басқан жан кездесуі неғайбіл – ау дееп ойлаймын.                     
       
08 маусым 2018 ж. 1 004 0