№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйелдер құлағына алтын сырға

Әйелдер құлағына алтын сырға

Махаббат – ұлы сезім. Сонымен бірге, нәзік те ерке сезім. Екі адамның арасындағы ынтызарлық енді бастау ала бастаған кезде, сезімдер оттай лаулап тұрғанда бәрі түсінікті-ақ. Ал... он жыл отасқан соң махаббат әлі бар ма, әлде өтті ме, мұны қалай білуге болады? Егер:
  • Ол сізді бар ынтасын салып күлдіре алса;
  • Сіз қандай да бір жағдай болып қалғанда бұл жөнінде ең алдымен әпкеңізге, құрбыңызға не анаңызға емес, күйеуіңізге айтатын болсаңыз;
  • Іссапарға кеткенде ол күн сайын дерлік телефон шалып тұрса, сіз  болсаңыз оны сағынсаңыз және «жақсы болды ғой, тамақ дайындаудың қажеті жоқ» деген ойдан аулақ болсаңыз;
  • Күйеуіңізбен өткізген демалыстан соң «Қалай демалдық?» – деген сұраққа шын жүректен «Тамаша», – деп жауап берсеңіз;
  • Ол жұмыстағы отырыстан кешіккенде, сізді тек «амандық болса болар еді» деген ой ғана мазаласа;
  • Сіздер кімнің жалақысы аз, кімдікі көп екенін әңгіме қылмайсыздар, бәрін де ортаға саласыздар, ал ұсақ зат алғанда бір-біріңізге есеп бермейсіздер;
  • Ол сізге киімді де, әтірді де жақсы таңдай алса.
Демек, махаббат әлі өшкен жоқ деген сөз. Ал, сізде бәрі дәл осылай емес, басқаша болса, қапа болмаңыз. Өйткені әр отбасы өзінше бақытты!
06 маусым 2018 ж. 2 126 0