№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Түп негізімізді түгендесек игі

Түп негізімізді түгендесек игі

   
           
Әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылу үшін алдымен эконмикамыз мықты болу керек. Ал ол орта мектеп саласына тәуелді. Дамыған отыз елдің біліміне сараптама жасағанда онда орта білім саласының озықтығы анықталған.
Біз дәстүрлі білім берудің, оқыту үрдістерінің үлкен мектебінен өттік. Білім, білік, дағды, осы үш қазықты бағдар ете отырып, қазіргі баланың құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген парагдемасын бекітуге кірістік.
Бір кемшілігіміз, жаһандану талаптарының жолына жармасып, оқыту мен тәрбиелеу талабына жаңалық енгіземіз деп жүріп бағытымыздан жаңылып, барымызды жоғалтып алғандаймыз. Мектеп партасына жаңа отырып алфавитті ежіктеп жаттауға көшкен баланы Әліппеден айырдық. Жетістікке қол арту үшін түп-тамырымызды түгендеп, соның сабақтарын санамалаудың орнына оның түбіріне балта шауып, бәйге алуға үміткерміз.
Білім саласына жаңа басшының тағайындалуы көңілді күпті еткен көптеген күрмеулі мәселелердің оңтайлы шешілуіне шынайы бағыт алғандай. Мектепті эксперимент алаңы етуді тоқтатып, отандық білім беру жүйесін түбірімен зерттеп, нақты нәтижеге бағдарланған түпқазығын табу талабы туындап отыр.
Бұған дейін мектепте ұстаздардың жолдан өткен, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру-сауықтыру орталығының бас директоры, одан әрі Білім министрлігі жанында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына жетекшілік еткен, 2009 жылдан бастап «Өркен» Назарбаев интеллектуалды мектебін басқарған еліміздің бас ұстазының жаңа білім бағдарламасына әзірлеуге кірісуі осының дәлелі. Оған мұғалім алдына қойып отырған ең үлкен міндеті төмендегіше: Оқушыны сараптауға, қорытынды талай білуге дағдыландыру керек. Бала дайын білімді алудан бұрын білімді іздеу керек. Сол кезде жас талаптың бойында тиянақты білім қалыптасады. Бұл ретте өткеннің барлығынан жеріп, дәстүрлі оқытудың әдіс-тәсілдерін түбірімен сызып тастау емес, қайта классикалық үрдісті өзектендіру талабы тек тиімділікке жол ашады.
Жас өркенді Әліппемен қайта қауыштыру талабы да қуанарлық.
Жаңа министрдің сөзінше оқу мен тәрбие – егіз ұғым. Бір-бірінсіз аяғын тең болып тұруы мүмкін емес. Бұл бағытта ата-ана қоғаммен жұмыс істеп үйренуі керек. Бізде басқаша тенденция қалыптасып отыр. Ата-ана баласының тәрбиесі үшін мектепті кінәлайды. Мектеп ата-анаға жауып әлек. Ұстаз ата-ананың орнын толтыра алмайды. Ал мектепте кемшілікті жасырып-жаппай қайта ата-анамен бірлесе жұмыс жасауы керек. Мектеп пен ата-ананың алдындағы бала біреу, – деп ұрпақ тағдырына жауапкершілікті қатаңдатты.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауында үштұғырлылық мәселесіне кезең-кезеңімен көшу міндеті көтерілген болатын. Осыны басшылыққа алған білім министрлігі 2019 жылдан бастап мектептерде химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшынша оықту үдерісіне жаппай көшуді жоспарлап, соның алғышарттарын жеделдете қолға алған еді. Мектептердегі мұғалімдер кезегімен үш айлық курстарға жіберілді. Бұл талап нәтиже бермей отырғаны басы ашық мәселе. Неге десеңіз, үш айда ағылшын тілін функционалды меңгермек түгілі ауызекі тілде нан сұрап жерлік деңгейге жетсең жаман емессің. Бұдан қаншама қаржы желге ұшып, зая кетіп жатқанын бағандай берсеңіз болады. Мұны кезінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Асқарбек Құсаынов ескерткен болатын.
Шет тілін меңгерген маман – бәсекеге қабілетті жақсы маман болары кәдік. Бірақ ғылымды меңгеру мен шет тілін меңгеру, бұл екі түрлі мәселе. Кез келген ғылыми жаңалық – таланттық, ерекше қабілеттің туындысы. Ол төл топырақта туып, ұлттың жадыда жаңғырып жапырақ жаяды. Тұманың көзін ашу үшін ұлттық уызына жарып, қайнарына қанып ішкен қабілеттің құлашы ұзын болмақ. Ал бізде балабақшадан бастап балақандарымыздың өзге тілді үйретуге баулу талай балапан үмітті бесігінде тұншықтырғанмен бірдей болуы мүмкін. Бұл мәселе бас ұстаздың жанашырлық көзқарас танытып, реформалардың салдарынан тыс асыра азат кеткен тұстарымызды түзетуге кіріскен сыңайлы.
Ең бастысы, түп жігеріміз түгенделсе игі. Елдің де күткені осы.
                                                                                                                   Баян ҮСЕЙІНОВА.
24 шілде 2019 ж. 532 0