№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Түп негізімізді түгендесек игі

Түп негізімізді түгендесек игі

  Әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылу үшін алдымен экономикамыз мықты болу керек. Ал, ол орта мектеп сапасына тәуелді. Дамыған отыз елдің біліміне сараптама жасағанда онда орта білім сапасының озықтығы анықталған.
Біз дәстүрлі білім берудің, оқыту үрдістерінің үлкен мектебінен өттік. Білім, білік, дағды, осы үш қазықты бағдар ете отырып, бүгінгі оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген білім парагдимасын бекітуге кірістік.
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÑлÑм
   Бір кемшілігіміз, жаһандану талаптарының жалына жармасып, оқыту мен тәрбиелеу талабына жаңалық енгіземіз деп жүріп бағытымыздан жаңылып, барымызды жоғалтып алғандаймыз. Мектеп партасына жаңа отырып алфавитті ежіктеп жаттауға көшкен баланы Әліппеден айырдық. Жетістікке қол арту үшін түп-тамырымызды түгендеп, соның сабақтарын санамалаудың орнына оның түбіріне балта шауып, бәйге алуға үміткерміз.
  Білім саласына жаңа басшының тағайындалуы көңілді күпті еткен көптеген күрмеулі мәселелердің оңтайлы шешілуіне шынайы бағыт алғандай. Мектепті эксперимент алаңы етуді тоқтатып, отандық білім беру жүйесін түбірімен зерттеп, нақты нәтижеге бағдарланған түпқазығын табу талабы туындап отыр.
Бұған дейін мектепте ұстаздық жолдан өткен, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру-сауықтыру орталығының бас директоры, одан әрі Білім министрлігі жанында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына жетекшілік еткен, 2009 жылдан бастап «Өркен» Назарбаев интеллектуалды мектебін басқарған еліміздің бас ұстазының жаңа білім бағдарламасын әзірлеуге кірісуі осының дәлелі. Оның мұғалім алдына қойып отырған ең үлкен міндеті – оқушыны сараптауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру керек. Оқушы дайын білімді алудан бұрын білімді іздеу керек. Сол кезде жас талаптың бойында тиянақты білім қалыптасады. Бұл ретте өткеннің барлығынан жеріп, дәстүрлі оқытудың әдіс-тәсілдерін түбірімен сызып тастау емес, қайта классикалық үрдісті өзектендіру талабы тек тиімділікке жол ашады.
  Жаңа оқу жылынан бастап жас өркенді Әліппемен қайта қауыштыру талабы да қуанарлық.
Жаңа министрдің сөзінше, оқу мен тәрбие – егіз ұғым. Бір-бірінсіз аяғын тең басып тұруы мүмкін емес. Бұл бағытта ата-ана қоғаммен жұмыс істеп үйренуі керек. Бізде басқаша тенденция қалыптасып отыр. Ата-ана баласының тәрбиесі үшін мектепті кінәлайды. Мектеп ата-анаға жауып әлек. Ұстаз ата-ананың орнын толтыра алмайды. Ал мектепте кемшілікті жасырып-жаппай қайта ата-анамен бірлесе жұмыс жасауы керек. Мектеп пен ата-ананың алдындағы бала біреу, – деп ұрпақ тағдырына жауапкершілікті қатаңдатты.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауында үштұғырлылық мәселесіне кезең-кезеңімен көшу міндеті көтерілген болатын. Осыны басшылыққа алған білім министрлігі 2019 жылдан бастап мектептерде химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшынша оқыту үдерісіне жаппай көшуді жоспарлап, соның алғышарттарын жеделдете қолға алған еді. Мектептердегі мұғалімдер кезегімен үш айлық курстарға жіберілді. Бұл талап нәтиже бермей отырғаны басы ашық мәселе. Неге десеңіз, үш айда ағылшын тілін функционалды меңгермек түгілі ауызекі тілде нан сұрап жерлік деңгейге жетсең жаман емессің. Бұдан қаншама қаржы желге ұшып, зая кетіп жатқанын бағамдай берсеңіз болады. Мұны кезінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Асқарбек Құсайынов та ескерткен болатын.
   Шет тілін меңгерген маман – бәсекеге қабілетті маман болары кәдік. Бірақ ғылымды меңгеру мен шет тілін меңгеру, бұл екі түрлі мәселе. Кез келген ғылыми жаңалық – таланттың, ерекше қабілеттің туындысы. Ол төл топырақта туып, ұлттың жадында жаңғырып жапырақ жаяды. Тұманың көзін ашу үшін ұлттың уызына жарып, қайнарынан қанып ішкен қабілеттің құлашы ұзын болмақ. Ал бізде балабақшадан бастап балақандарымызды өзге тілді үйретуге баулу талай балапан үмітті бесігінде тұншықтырғанмен бірдей болуы мүмкін. Бұл мәселеге еліміздің бас ұстазы жанашырлық көзқарас танытып, реформалардың салдарынан тым асыра ағат кеткен тұстарымызды түзетуге кіріскен сыңайлы.
   Ең бастысы, түп негізіміз түгенделсе игі. Елдің де күткені осы.

Баян ҮСЕЙІНОВА.


16 наурыз 2019 ж. 567 0