№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Қазіргі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет санайды. Өркениеттен кенже қалмау үшін біздің елде көп тілді меңгеруді мектеп бағдарламасына енгізді. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей алатын, жаза білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Сондықтан, білім ошақтарында ағылшын тілін тереңдете оқытуға байланысты семинарлар жиі өткізілуде. «Болашақ ұрпақты үш тілде ұштастыра оқыту арқылы тәрбиелеу және білім беру» тақырыбындағы облыстық семинар №110 мектеп-лицейде ұйымдастырылды.


Облыстық оқу орталығы мен аудан­дық білім бөлімі ұйытқы бол­ған семинарға әр ауданнан әдіс­керлер мен пән мұғалімдері қатыс­ты. Мақсаты – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру, жара­тылыстану бағытындағы пән­дерді ағылшын тілінде жүргізудің алғы шарттарын қарастыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтардың кәсіби дамуына ық­пал етуге негізделген. Сондай-ақ, инновациялық мектептердің тәжі­ри­­бесіне қолдау көрсету болып табы­лады.
Алдымен, ұстаздар жиынды тре­нингтен бастады. «Танысу аялда­масы» деп аталатын тренингте әр ауданнан келген мұғалімдер өз-өзде­рін таныстырумен жалғас­тырды. Одан кейін, биология пәнінен 8-сынып оқушылары «Витамин­дер­дің химиялық құрамы, маңызы аурулары» тақырыбында ағылшын тілін­де өткен ашық сабаққа қатысты. «Ас қорыту мүшесі» және «Көз гигиенасы және аурулары» тақырыбында да педагогтар сабақ өткізді. Дәл сол секілді келесі 8-сынып шәкірттері ағылшын тілінен физика пәнінен өткен сабаққа белсенді қа­тысты. «Электр тоғының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы» деп аталған сабаққа оқушылар ынтамен атсалысты.
– Жаратылыстану бағытындағы сабақтарды ағылшын тілінде оқуды меңгерудеміз. Басында қиын болды, қазір ұстазбен емін-еркін тілдесе беретін болдық. Осы бағыттан тан­басақ мектеп бітіреміз дегенше тілді толық меңгеріп алуға мүмкіндік бар, – деді оқушылар.
Тәжірибе алмасуға келген педа­гогтар семинар арасында ой бөлісіп, дөңгелек үстелде алдағы өткізілетін жоспарларды тағы бір пысықтап алды.
– Дамыған отыз елдің қатарына қосылу Қазақстанның басты міндеті. Оған жетудің басты құралының бірі – білімде. Сондықтан, мектеп қабырғасынан бастап ағылшын тілін еркін меңгерген әрбір бала бола­шақта кәсіби маман атанары анық. Ол үшін балалар үштілділік бағдарламасын еркін меңгергені абзал. Осыған ұстаздар қауымы аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деді Байқоңыр қала­сындағы №277 орта мектептің ұста­зы Риза Дүйсенбиева.
Семинар соңында биология пәні­нің мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев оқыту үдерісіндегі үштілділіктің маңыз­дылығы, қайшылықтары мен ізденістер туралы «коучинг» өткізсе, мектеп оқушылары «Армысың, Әз-Наурыз!» атты концерттік бағдар­ламасын қойды.
– Ай сайын шеберлік сыныбы әр ауданда өткізіліп тұрады. Жуыр­да Қазалыда өтсе, енді біздің мектепте ұйымдастырылуда. Жалпы, семинардың мақсаты – оқушылардың білім шыңдап, тәжірибе алмасу арқылы ұстаздардың шеберліктерін арттыру, – деді мектеп-лицей дирек­торы Әділмырза Тәждинов.

Абай Айтжан.
30 наурыз 2019 ж. 1 909 0