Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Құндылықтар тұрақты дамуға негіз қалайды

Құндылықтар тұрақты дамуға негіз қалайды


Әлемдік саясаткер Маргарэт Тэтчердің «Мемлекеттің бақ-қуаты мен дамуы оның қазба байлықтарына қатысты емес, жетістікке оларсыз да жетуге болады. Басты қазына – АДАМ. Мемлекет соны жетелеп дамуына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру қажет» деп айтқаны бар. Бұл үшін қоғамның жан-жақты жаңғыруына жол ашатын тұжырымдамалық құжат қабылданып, әлеуметтік-гуманитарлық салада ауқымды өзгерістер жүзеге асып жатыр. Ғылым, білім және мәдениет озық ойлы ұлт болуға ықпал ететін басты үш тірек ретінде өз мінберінен төмендеген жоқ.


Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 қарашадағы Жар­лығымен бекітілген ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары туралы не білеміз?
Ішкі саясаттың мақсаты – мемлекеттігімізді және ел бірлігін нығайту, елді тұрақты дамыту үшін қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әділетті Қазақстан құру идеясын жүзеге асыру үшін ең бірінші қоғам мүшелерінің жоғары құқықтық мәдениеті маңызды. Ол әркімнің заңды жан-жақты терең білуімен сипатталады. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.
Заң мен тәртіп – Қазақстанның қауіпсіздігі үшін қажет. Барша азаматтың заң алдында тең болуы, оны бұзған адамның жазасыз қалмауы, жоғары құқықтық мәдениет қоғамдағы әділеттіліктің негізі әрі өлшемі саналады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының түпкі мәні – азаматтардың талап-тілегіне әділ және уақытылы ден қоюды, мемлекет пен қоғам арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнатуды көздейді. Бұл мемлекеттік институттар мен қоғам арасында өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұл орайда ақпараттық саясат үлкен мәнге ие. Бұл үшін еліміздің БАҚ құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру маңызды. Ондағы ағартушылық, ғылыми-танымдық және тәрбиелік мәні бар сапалы контентті дамыту мәселесі өзекті. Мемлекеттік органдар БАҚ құралдарымен байланысты нығайтуда осы параметрлерді назарда ұстауы тиіс.
Бір мәселе, цифрлы ақпараттық кеңістікті бір жүйеге бағыттау немесе тұтас қадағалау мүмкін емес. Міне, сондықтан әлеуметтік желілер ақпарат тарата бастағалы оның ақи­қат-жалғанын, дұрыс-бұрысын ажырату күрделеніп отыр. Оның үстіне жалған ақпаратты таратуда фактілер қасақана бұрмаланып жеткізіледі. Соның нәтижесінде қоғамның фейк жетегінде кетіп дүрлігуі жиілеп кеткеніне куә болып отырмыз.
Қоғамның ілгері дамуы жүйедегі жаңашылдықтарға жол ашады. Ал соның өзінің өңін бұрмалап, бұқараның көкейіне теріс ұғым қалыптастыру қалыпты тенденцияға айналып бара жатқаны да шындық. Мәселен, соңғы кезде МӘМС жүйесін сынға алғандардың осы жүйені қаралап, реформаларға сенімді әлсіретуі қоғамда наразылықтың туындауына әкеп соққаны жасырын емес.
Мамандардың айтуынша, жалған ақпараттар анононимді тарайды. Анонимдік – бұл технология. Мұның бәрі қоғамдық пікірге қысым жасау мен жалған жарнама үшін қолданы­лады. Бір мысал, әлеуметтік желіде анонимді пайдалану­шы­лар аккаунттарында әскери қызметшілер арасында дөрекі қатынастарды бейнелейтін бейнеролик тарады. Кейін бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталды. Бөтен елдің киностудиясы шығарған фильмнен үзінді алынып, оған қазақ тілінде диалог жүктелген. Бұл аудиторияны шатастырады, елдің арасында үрей тудыруы мүмкін. Осы сынды материалды қасақана бұрмалап жариялау құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан азаматтар интернет желісінен алынған материалдарға мұқият қарап, ақпараттық дереккөздерін тексеріп алғаны жөн. Қылмыстық кодекстің жала жабу, көрінеу ақпарат тарату, әлеуметтік, ұлттық немесе өзге де араздықты тудыру, жеке өмірге қолсұғушылық, авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзу баптары орын алуы мүмкін. Құқыққа қайшы контент үшін жауапкершілік оны жасаушыға ғана емес, таратушыларға да тиісті екенін ескерген жөн. Қаралау және жала жабу сипатындағы бейнежазбалар­ды таратудың өзі заңға қайшы. Ең дұрыс шешім – мұндай дереккөздерге назар аудармау. Аноним арналарға жазылудан бас тартып, тексерілген ресурстарды таңдау қажет. Бұл жерде әсіресе мерзімді басылымдарға сұраныс артуы заңды. Оның ішінде республикалық бас газетіміз – «Егемен Қазақстаннан» бастап облыстық, аудандық басылымдар қоғамдық саяси үнжария ретінде мемлекеттік ресми құжаттардан бастап ел өміріндегі ахуалды жан-жақты зерттеп, саралап жариялай­тын авторлық қолтаңбасымен құнды. Газет-журналдар соны­мен қатар мемлекеттік органдар жұмысының айқын және ақпараттық тұрғыдан ашық болуын қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық пікір туғызуда да әлеуеті айқын. Міне, сондықтан да бүгінгі таңда масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру күн тәртібінде өткір тұрған мәселе.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың санасында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» формуласы берік орнығып келеді. Бұл – жауапты, еңбекқор, өз ісін сүйетін адам ғана шынайы табысқа қол жеткізе алады дегенді білдіреді.
Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, еңбек адамына құрметпен қарау әрі жеке кәсіби біліктілікті бағалау масылдыққа қарсы әрекет ету мәдениетін қалыптастыру қажет.
Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу ел экономикасын дамыту үшін ғана емес, терең біліммен қаруланған әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін де маңызды. Мұның өзі, сайып келгенде, саяси тұрақтылықты нығайтуға, қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір азаматты біртұтас жауапты және озық ойлы ұлттың өкілі саналатын Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді.
Озық ойлы қоғам құру үшін азаматтарымыздың өзгерістерге ашық болуы, жасампаздыққа ұмтылуы және креативті ойлай білуі маңызды.

Әбілғазы Төлегенов,
аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы

29 қараша 2025 ж. 1 128 0