Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Конституция – ел тілегі

Конституция – ел тілегі


Әр мемлекеттің тәуелсіздігін, біртұтастығын, қоғамдық құрылымын және азаматтардың құқықтарын айқындайтын басты құжат – Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің ең жоғарғы заңдық күші бар Негізгі заңы ғана емес, халқымыздың ғасырлар бойғы арманы мен үмітінің орындалған көрінісі. Сондықтан да «Конституция – ел тілегі» деп бекер айтылмаған.


1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына берік негіз қалады. Бұл күн – халқымыздың ерік-жігері мен бірлігінің символына айналды. Ата Заңымызда «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп тайға таңба басқандай жазылған. Халықтың еркімен қабылданған Конституция – ел тілегі мен мұратын, болашаққа деген үмітін заңдастырған құнды құжат. Онда мемлекетіміздің саяси бағыты, экономикалық даму жолы, қоғамдық келісім мен тұрақтылық принциптері нақты белгіленген.
Ата Заңымыз елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әділдік пен теңдіктің бастауы болып келеді. Қоғамның барлық салалары – саясат, экономика, білім, денсаулық, мәдениет – Конституция негізінде дамып жатыр. Ол әр азаматқа тең мүмкіндік беріп, мемлекет пен халықтың арасына сенімді көпір орнатты. Елімізде бейбіт өмірдің, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуы – Конституцияда көрсетілген қағидалардың нақты жүзеге асуымен тығыз байланысты. Елдегі әрбір заң, әрбір бастама осы Негізгі Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл – мемлекеттегі тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.
Уақыт көшіне сай Қазақстан Конституциясы да дамып, өзгеріп келеді. Жаңа реформалар мен өзгерістер арқылы Ата Заңымыз қоғамның заманауи сұраныстарына бейімделуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған 2022 жылғы конституциялық реформалар – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген жаңа саяси үлгінің бастамасы болды. Бұл – демократия жолындағы маңызды қадам.
Қорытынды, «Конституция – ел тілегі» деу – халықтың еркіндігін, бірлігін, әділеттілікті және болашаққа деген сенімін мойындау. Ата Заң – жай қағаз емес, ол – Тәуелсіз Қазақстанның рухани да, құқықтық та тірегі. Оны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Себебі Конституция – ел ертеңінің кепілі.

Бибайым Нәлібаева,
Жаңақорған аудандық соты әкімшісінің басшысы

02 тамыз 2025 ж. 1 346 0