Ақбөкен, киік көбейді: бұған қуанатындар да, алаңдайтын да аз емес. Неге?
Соңғы жылдары елімізде киік, яғни ақбөкеннің саны күрт арты кеткен. Экология және табиғи ресурстар министрлігі оның саны алдағы уақытта тағы екі миллионға көбейеді деген болжам жасады. Министрлік киік санын реттеу мақсатында 1- шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысында 800 мыңға жуық киікті атуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Ауланатын киіктің 40 пайызы – аталық, 40 пайызы – аналық, ал қалған 20 пайызы – биыл туған төл болмақ.
Бұл жағдай табиғат жанашырлары мен шаруалар арасында түрлі пікір туғызуда. Бірі «бұл – табиғаттың қайта түлегені» десе, енді бірі «киік көбейген сайын жайылым тапшы болып, егінге, малға зиян келтіреді» деген уәж айтады. Биыл жыл басында Қызылорда облысында киіктер қаптады. Арал ауданына қарасты Абай мен Сазды ауылының тұрғындарынан жабайы жануардың өрістегі шөпті қоймай күзеп бара жатқаны жөнінде жедел хабар түсуде. Малмен күнелтіп отырған жергілікті халық төрт түлік малын қорада ұстап отыр. Өрістегі шөпті аздық еткен киіктер ауыл ішіне де кірген. Азық таппаған әлсіздері ауыл маңайында қырылып қалды. Ал ең сорақысы – осы жағдайды пайдаланып, киікті заңсыз атып, етін, мүйізін сатып пайда тапқысы келетіндердің көбеюі. Мұны – экология мен табиғатқа үлкен қауіптің басы деуге болады.
Киік – қазақ даласын ежелден мекендейтін, сұлулығы ғана емес, табиғи экожүйедегі рөлімен де ерекшеленетін жануар. Жыртқыш аңдарға азық, сонысымен табиғаттың өзін-өзі тепе-тең ұстап тұруына септесетін тіршілік иесі.
Бүгінде киіктер негізінен Бетпақдала, Үстірт, Орал және Торғай популяциясына бөлінеді. Соңғы деректерге сүйенсек, еліміздегі киік саны 2,6 миллионнан асып кеткен. Бұл – тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Киіктің көбеюі – табиғат үшін жақсы жаңалық. Себебі XX ғасырдың соңында олар жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған еді. 1990-жылдары Қазақстанда небары 20 мыңдай киік қалған болатын. Ал қазір олардың саны жүз есеге артты. Алайда табиғаттағы кез келген артықшылықтың екінші жағы да бар. Киіктердің тым көбеюі – жайылым тапшылығына, егін алқаптарының бүлінуіне әкеліп отыр.
Мәселен, Орал мен Ақтөбе өңірлерінде киік тобының егіндікке ауыз салып, шаруалардың еңбегін зая кетіріп жатқан жағдайлар жиілеген. Ал кей жерлерде жол-көлік апаттары да тіркеліп жүр. Бірақ ең өзекті мәселе – заңсыз аңшылықтың белең алуы. Киіктің мүйізі Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияда дәрілік шикізат ретінде жоғары бағаланады. Сондықтан браконьерлер оны пайда көзіне айналдырған.
Тек соңғы бір жыл ішінде ғана мыңдаған киікті ату дерегі анықталып, ондаған тонна ет пен мүйіз тәркіленді. Бұл – табиғатты тонау, экожүйеге жасалған қиянат. Мүйіз үшін атылған аналық киіктердің жетім қалған лағы тіршілікке бейімделе алмай қырылады. Ал бұл – табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы деген сөз. Киік – жайылымды өз ырғағымен пайдаланып, табиғи шөптің өсуін реттейді. Егер оларды шамадан тыс азайтып немесе жойып жіберсек, жыртқыш аңдардың азығы азаяды, өсімдік жамылғысы өзгеріп, шөлейттену үдейді, жердің табиғи қалпына келу процесі баяулайды.
Ал керісінше, киік тым көбейіп кетсе, жайылымдағы өсімдік ресурсы сарқылады. Мұндай жағдайда өзге жануарлар, әсіресе үй малдары азық таппай қалады. Демек, тепе-теңдік бұзылған жерде экологиялық дағдарыс та алыс емес.
Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары киік популяциясын реттеу бағытында арнайы шаралар қабылдауда. Киік мүйізін заңсыз сатуға, өңдеуге тыйым күшейтілді, “Охотзоопром” инспекторларының саны артып, дрон және спутниктік бақылау жүйелері енгізілді.
Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Себебі табиғат қорғау мәдениеті мен экологиялық сана халықтың өзінен басталуы керек. Егер әр адам «табиғат – ортақ үйіміз» екенін ұғынбаса, қанша заң шықса да нәтиже болмайды.
Осы ретте, аудандық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің жауапты қызметкері Бақытжан Абдусаметовпен тілдескен едік.
– Ақбөкен, киік бұрын да біздің өңірге келетін. Қыстың аязды күндері тау жаққа келіп, талғажу ететін. Бірақ, кейіннен олардың бағыты өзгерді. Соңғы жылдары киік, яғни ақбөкеннің санының күрт артуы табиғат қорғау саласында өзекті мәселе болып отыр. Бұл бір жағынан, еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің қалпына келе бастағанының белгісі. Себебі киік даланың ежелгі тұқымы, экожүйенің маңызды бөлігі. Алайда олардың шамадан тыс көбеюі жайылым тапшылығын туындатып, кей өңірлерде ауыл шаруашылығына белгілі бір деңгейде әсер етуде. Мысалы, былтыр Орал жаққа біздің мамандар барып, шаруаларға қолұшын созып, жем-шөбін тасыды. Жалпы, киіктердің мекендейтін аумақтары қазір тарылып қалды. Олардың негізгі популяциясы Бетпақдала, Үстірт және Орал аймақтарында шоғырланған. Ал біздің Жаңақорған ауданы географиялық және климаттық тұрғыдан киіктердің табиғи көшу бағытына жатпайды. Себебі бұл өңірде мал жайылымдары, елді мекендер және егістік алқаптары тығыз орналасқан. Сондықтан ақбөкендер қазір біз жаққа келмейді деуге болады. Қазір киік санының көбеюі олардың атуға тыйым салынған кезеңінің ұзаққа созылуымен де байланысты. Бірақ бұл мәселені шешу үшін бірден аңшылыққа рұқсат беру дұрыс емес. Ең алдымен ғылыми негізделген зерттеу жүргізіп, нақты санын анықтап, экожүйеге зиян келтірмейтіндей реттеу тетіктерін қолдану қажет. Мемлекет тарапынан да бұл бағытта жұмыстар қолға алынып жатыр. Киіктің миграциялық жолдарын сақтау, жайылым балансын реттеу, артық популяцияны экологиялық қауіпсіз жолмен қоныс аударту сияқты шаралар қарастырылуда, – дейді ол.
Кеңес дәуірінде киіктің еті еркін сатылып, халық арасында танымал болған. Күнде тұтынбаса да, қуырдағын аңсап жегісі келетіндер аз емес. Қазір дүкен сөрелеріне киік еті қойыла бастады. Бағасы жылқы, сиыр және қой етінен арзан екені анық. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір киік етінің сатылымда бар екенін, ветеринарлық қызметтер жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Дегенмен дүкеннен сатып алуды тиімсіз көріп, даладан тегін атып алғысы келетіндер азайған жоқ. Еттің сапасы қандай? Атылған киік етінен адамға жұғар кесел бар ма?
Жауапты мамандардың айтуынша, киік еті бойынша ветеринарлық қызмет жұмыс істеп тұр. Сынама алып, сараптама жасағаннан кейін ғана жануардың еті сауда желілеріне жіберіледі. Сауда және интеграция министрлігі ет бағасын көтеретіндерге шара қолданылатынын да айтты. Қазақстанда киіктердің санын реттеу шаралары шегіне жеткенде бақылау да, сатылым да тоқтауы мүмкін. Киік етінің адам ағзасына пайда не зияны бар ма? Қазақ тағамтану академиясы киік етінің тағамдық құндылығына зерттеу жүргізді. Ғалымдар оның химиялық құрамын, нутриенттер мөлшерін және өнімді тағам рационында қолдану мүмкіндігін қарастырды.
– Киік еті – бұл табиғи ақуыз, дәрумендер мен микроэлементтердің концентраты, әлемдегі ең жақсы диеталық өнімдермен бәсекелесе алатын тағам. Жоғары сапасы мен органикалық табиғатының арқасында киік еті еуропалық диетологиядағы балық немесе аң еті секілді функционалды өнім ретінде рационға енгізілуі мүмкін, – дейді медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарман.
Түйіндей айтқанда, киік – даланың көркі. Оны сақтау – ұлттың экологиялық жауапкершілігі. Бірақ табиғат тепе-теңдігі үшін жануар мен адамның, ауыл шаруашылығы мен экологияның мүддесі тең деңгейде ескерілуі тиіс.
Киік – тек аң емес, қазақ даласының рухани мұрасы. Киік бейнесі жырда да, әнде де, аңызда да бар. Оны атқан адам – өз табиғатын, өз болмысын жаралағанмен тең. Киікті қорғау – болашаққа деген жауапкершілік. Егер біз табиғатқа қамқор болмасақ, ертең ол бізге қатігез жауап қайтарады.
Киік санының көбеюі – тәуелсіз елдің экологиялық жетістігі. Бірақ сол жетістік заңсыз әрекеттермен көлеңкеленбеуі тиіс. Табиғат пен адам арасындағы үйлесім – мәңгілік құндылық. Ендеше, киікті қорғау – экологиялық мәдениеттің, ұлттық намыстың және адамзаттың жауапкершілігінің айғағы. Даланың киесін қадірлей білейік, ақбөкеннің тұяғы үзілмесін!
Әсел РЗАЕВА
Бұл жағдай табиғат жанашырлары мен шаруалар арасында түрлі пікір туғызуда. Бірі «бұл – табиғаттың қайта түлегені» десе, енді бірі «киік көбейген сайын жайылым тапшы болып, егінге, малға зиян келтіреді» деген уәж айтады. Биыл жыл басында Қызылорда облысында киіктер қаптады. Арал ауданына қарасты Абай мен Сазды ауылының тұрғындарынан жабайы жануардың өрістегі шөпті қоймай күзеп бара жатқаны жөнінде жедел хабар түсуде. Малмен күнелтіп отырған жергілікті халық төрт түлік малын қорада ұстап отыр. Өрістегі шөпті аздық еткен киіктер ауыл ішіне де кірген. Азық таппаған әлсіздері ауыл маңайында қырылып қалды. Ал ең сорақысы – осы жағдайды пайдаланып, киікті заңсыз атып, етін, мүйізін сатып пайда тапқысы келетіндердің көбеюі. Мұны – экология мен табиғатқа үлкен қауіптің басы деуге болады.Киік – қазақ даласын ежелден мекендейтін, сұлулығы ғана емес, табиғи экожүйедегі рөлімен де ерекшеленетін жануар. Жыртқыш аңдарға азық, сонысымен табиғаттың өзін-өзі тепе-тең ұстап тұруына септесетін тіршілік иесі.