Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Киік" табиғатты қорғау акциясы өтеді

"Киік" табиғатты қорғау акциясы өтеді


«Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өткізіледі. Акцияның негізгі мақсаты – киіктерге рұқсатсыз броконьерлік жасауға және басқа да жануарларды заңсыз аулаудың алдын алуға бағытталады. Шара күшейтілген режимде құқық қорғау органдарының тікелей қатысуымен жүргізіледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов хабарлады.

-Өздеріңізге белгілі, киік аңы жойылып кету қауіпі төнген жануарлар қатарына кіреді. Жалпы қыс мезгілінде киіктер біздің облыс аумағында көбейеді. Сол себепті, бір ай көлемінде киіктерді және табиғатты қорғау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады. Аталмыш шара еліміздің 12 облысында да ұйымдастырылады. Биыл жүргізілген арнайы санақтың нәтижесінде, елімізде қоныстанған киік саны 1 млн 318 мың басқа көбейген. Ал біздің аймақтың солтүстік-шығыс беткейіндегі қарақұм деп аталатын далалық аумағына былтыр 30 мыңға жуық киік қоныстанған, - деді Расул Маханов.

Айта кетейік, «Киік» кең ауқымды акция барысында Қызылорда-Ақтөбе, Қызылорда-Жезқазған және Қызылорда-Түркістан бағытындағы жолдарға мобильдік топтар мен арнайы бекеттер жұмыс істейтін болады.
01 мамыр 2023 ж. 169 0