№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлағатты қоғамды ұстаз қалыптастырады

Ұлағатты қоғамды ұстаз қалыптастырады


Жылда Тамыз мәслихаты деп аудан орталығына қарай ағылатын ұстаздарымыз биыл жаңа оқу жылының жобасын өз ұжымдарында талқылап, пән бірлестіктері жылдық жоспарларын түзіп, 1 қыркүйекке тиянақты дайындыққа кірісіп кетті. Аудандық оқу бөлімінің басшысы Нарымбет Көлжановтың айтуынша, биыл аудан бойынша оқу ошақтарында 18 мың 812 бала мектеп партасында отырып, білімін жалғайды.


2023-2024 оқу жылында ауданда 2825 педагог қызмет атқарды. Оның 2769-ы жоғары білімді, 56-ұстаздың орта және кәсіптік білімі бар.
Соңғы 3 жыл көлемінде 2800 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтті, бұл жалпы педагог кадрлардың 99 пайызын құрайды.
Сондай-ақ менеджменттік басқару бойынша біліктілік арттыру курсынан соңғы үш жыл көлемінде 25 мектеп басшысы мен орынбасарлары өткенін айтады.
Соңғы жылдары орта және мектеп­ке дейінгі білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюд­жет есебінен білім беру ұйымдары­ның құрылысын қайта салу, олар­­дың материалдық-техникалық база­­­сын нығайту жұмыстары қырқынды жүргізі­луде.
Одан бөлек Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін ауданда 2 мектеп құрылысы жүріп жатыр. 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындық өнер мектебінің құрылысы да балалар игілігіне берілетін болады.
2024-2025 оқу жылына оқулықтарға қаралған 201 млн 313 мың теңге қаржының 157 млн 516 мың теңгесіне 1-11 сынып аралығында жетіспей­тін кітаптар және жаңадан оқулықтар сатып әкелінуде.
Білім беру ұйымдарының бейне­бақылау камераларымен жабдықта­луы бойынша барлығы 32 мектепке аудандық ішкі істер бөліміне қосылуға мүмкіндігі бар камералар орнатылыпты. Бұл жұмыс талапқа сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде екен.
Аудандағы елді мекендерді газдан­дыруға сәйкес 2023 жылы Қыраш, Бірлік, Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден елді мекендері көгілдір отынға қосылған.
Ауданда білім беру ұйымдары бой­ынша 3500 балаға ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №54 қаулысы негізінде түрлі бағытта қамқорлық-қолдау шаралары жасалатын болады. Аудандағы отбасы қолдау орталығына 500 баланың тізімі беріліп отыр екен.
Ауданда 21 мемлекеттік балабақша болса, 80-нің үстінде жеке балабақ­ша бар. Бір өкініштісі, мемлекеттен бөлінетін қолдау қаржысын алып отырғанымен соған сәйкес жағдай қалыптастыра алмай, тіпті бала санын жалған құжаттармен толтырып, көзбояу­шылыққа барып отырған жағ­дайлардың кездесуі бұл бағытта нақты қадағалауды талап ететінін айтады ауданның бас ұстазы. Өңір бойынша осы бағытта аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен жан-жақты зерттеу жүргізген кезде осындай келеңсіздіктердің беті ашылып, мил­лиардтаған теңге қаржының қазынаға қайтарылғанына көпшіліктің куә болған жайы бар. Осындай орынсыздықтар жергілікті жерде де сабақтасып жатпауы үшін сындарлы әрекетке көшетінін жеткізген білім бөлімі басшысының бұған тәжірибесі толық жететініне де сенуге болады.
Сала жұмысына басшылыққа жаңадан тағайындалған Нарымбет Сәрсенбекұлының бүкіл өмірі оқу-ағарту саласымен біте қайнасып келеді деуімізге болады. Оның еңбек жолына көз жіберер болсақ, мектеп бітірген соң кеңшарда жұмысшы болуы, одан әрі кеңес әскері қатарында қызмет етуі тұлғалық болмысын қалыптастырып қайрат пен тәртіпке шыңдаса, одан әрі асқақ арманын арқаланған жас жігіт Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінде тарих факультетінде білім алыпты. Еңбек жолын туған ауылындағы мектепте ұстаздықтан бастаған. Тәжірибе жи­­нақтай келе мектеп оқу ісі меңгеру­шілігіне тағайындалды. Одан әрі екі жыл­дай Төменарық ауылдық округі аппаратында жауапты қызметте жүріп бұқарамен жұмыс жасау барысын­да мемлекеттік қызметшінің этикасы мен әдебіне жетік бола түскенін де жасырмайды.
Заты педагог тұлға қайта мектепке оралып, Төменарық ауылындағы №53 орта мектебінде он жеті жыл, яғни 2007 жылдан 2023 жылға дейін мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2023-2024 оқу жылында Екпінді ауылындағы №242 мектебіне басшылық етті.
Соңғы 5-6-шы шақырылымда ау­дандық мәслихаттың депутаты болып сайланып, Төменарық ауылы халқының талап-өтініштерін жоғарыға жеткізіп отыруда тынбай еңбектенген халық қалаулысының елмен етене мінез-дағдысы, кішіпейілдігі мен көпшілдігі ауыл өміріндегі түрлі шараларда біздің де көңілімізде қалып қойыпты. Осы кездері депутаттық сауал жолдау арқылы қоныс көшелерін асфальттау, жарықтандыру, ауылдағы мектеп пен балабақшалардың жөнделуіне бас­та­машы болу сынды игі істерімен танылды. Өзінің міндетін атқарумен қатар қоғамда қалыптасқан жалпы көпшілікке ортақ пікірлерде мінберде жиі көрінетін азамат руханияттан да қол үзбей, жергілікті басылымда көптеген материалдары жарық көрді. Өзі басқарған Екпінді мектебінің тарихы туралы “Құндылыққа толы білім ордасы” атты кітаптың шығуына мұрындық болуы да оның биік зияткерлікті құрмет тұтқан болмысын танытса керек.

Баян ҮСЕЙІНОВА
27 тамыз 2024 ж. 176 0