БИЫЛ 3 МЛН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
2018-2019 жаңа оқу жылында Қазақстанда 3 млн астам бала мектепке барады. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Жаңа оқу жылында жаңа үлгіде білім беру жүйесіне 3, 6, 8 сыныптар көшеді және 4, 9, 10 сыныптарда апробация басталды. Педагогтар да сәйкес курстардан өтуде. 2018 жылы 3 миллионнан астам бала мектепке барады. Оның ішінде, 350 мың бала бірінші сыныпқа барады», - деді министр.Оның айтуынша, республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр және оның ішінде 72 мектеп осы жылы пайдалануға беріледі.
«Ал жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп салынады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары 85% аяқталды. Жергілікті бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ал орта білім беру мекемелеріне келер болсақ, онда барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. 4 148 мектепте жөндеу жұмыстары қарастырылса, 3 604 мектепте мұндай жұмыстар жүргізілді. Бұл 87% құрайды. 1 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталады», - деп сендірді министр.Ақмарал Шағатай
Пікір 2