№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы

Жаңақорған ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы




Жаңақорған ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 42 мемлекеттік мектеп (39 орта, 3 негізгі), 1 интернат, 7 жеке мектеп бар.

41 мектепке ағымдағы жөндеу ғимарат ішін сырлау, әктеу жұмыстары жүргізілді (№169, 286 жаңа ғимарат).
Аудан бойынша 2023 жылы үш ауысымға оқыту қаупі бар, апаттық ғимаратта орналасқан және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептер жоқ.
Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты соңғы жылдары орта және мектепке дейінгі білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдарының құрылысы мен қайта салу, олардың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. 2022ж – 286, 169 мектеп ғимараты жаңадан пайдалануға берілсе, 2023 жылы 2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. (Май бекеті 300 орын, Байкенже 150 орын).
Аудан бойынша 50 мектептің 15-сі кент орталығында, 35-і ауылдық елді мекенде орналасқан, 88% - типтік жобада, 12% - бейімделген ғимаратта орналасқан, 94% орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.
Мектептердің 100% орталықтандырылған, бу қазандық арқылы жылытылады, 2 мектеп орталықтандырылған лас су жүйесіне қосылған болса, 48-сі жергілікті септикпен қамтамасыз етілген.
Аудан бойынша жалпы білім беретін мектептің 48-де спорт залы бар, барлық қажетті спорттық, гимнастикалық құрал-саймандармен жабдықталған. 2 мектепте (№255, №89) спорт зал жоқ.
Оқушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 49 мектеп медкабинетпен қамтамасыз етілген, қажетті медициналық инвентарлармен жабдықталған. 1 мектепте (№255) медиицналық кабинет қарастырылмаған, медиицналық көмек елді мекеннің медициналық пунктімен көрсетіледі.
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы барлық мектепте ішкі әжетханалар жұмыс жасауда.
Жаңа 2023-2024 оқу жылы қарсаңында жергілікті әкімдік пен білім бөлімдерімен бірлесіп мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық білім бөлімімен бірлескен бұйрық негізінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары арқылы 43 мектептің дайындығына мониторинг жүргізілді, қалған мектептерге мониторинг жалғасуда.

                                     Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Ш.Айдарова
25 тамыз 2023 ж. 365 0