Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП» ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП» ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Жаңақорған ауданында жемқорлыққа қарсы мобильді топтың қабылдауы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту болып табылады.
Мобильді топ құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала мамандары мен заңгерлер тартылды. Олар тұрғындардың түрлі саладағы сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер жүргізді.
Кездесу барысында 50-ден астам аудан тұрғыны мамандардың қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелері бойынша тиісті кеңестер мен жауаптарын алды.
Мұндай мобильді қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
23 маусым 2025 ж. 184 0