Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ НӘЛІБАЕВТЫҢ 23 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ НӘЛІБАЕВТЫҢ 23 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!


Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қадірлі әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өтті.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Ұлт мәртебесін көтеріп, халық сенімін ақтау – мәртебелі міндет.
Егемен еліміздің еңсесін тіктеп, қарқынды дамуына мемлекеттік қызметкерлер елеулі үлес қосып, уақыт талабына сай жарқын бастамаларды іске асыруда.
Қазақстанның жарқын болашағы жолында уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.
Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне қажырлы еңбек етіп, әрдайым абырой биігінен көріне бергейсіздер.
Кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.
Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
23 маусым 2025 ж. 192 0