№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ЛОГОПЕД МАМАН


Бала тілінің кешеуілдеп шығуы қоғамдағы өзекті мәселеге айналды. Сондықтан, тіл мүкістігі бар балалар дәрігерлер мен логопед мамандардың жіті бақылауында. Әсіресе, балабақшада қызмет ететін логопед пен дефектологтарға артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір баланың дұрыс сөйлеп кетуіне жұмыс жасау қажырлы еңбекті талап етеді. Осындай саланы таңдап, қызметке кіріскен Ақсезім Саяхатқызынан қазіргі жеткіншектердің хал-жағдайын бағамдап берді.
Алдымен, логопед деген кім, осыған тоқталсақ. Баланың тілін ауызша және жазбаша түзету және дамыту қызметін атқаратын маман. Логопед – тіл қызметінің қалыптасуын, фонетикасын, лексикасын, грамматикалық қатарын, сөз байланысын, тіл мүкістігін түзейді. Осындай жауапты саланы меңгерген Ақсезім жыл басынан бері «Еркетай орталық» балабақшасында қызметте. Шымкентте алған білімін бала тәрбиесіне арнап, өзінің біліктілігін көрсетіп жүрген жас бұл кеселдің дендеп тұрғанын жасырмады. Қазіргі уақытта логопед кіші және үлкен топпен жұмыс жасайды.
– Жалпы бұл ауру көбіне бала құрсақта жатқанда генетикалық немесе анасының денсаулығының әлсіздігі салдарынан туабіткен, неврологиялық, гендік тұрғыдан да тұқым қуалайтын аурулар бойынша баланың тілінде кемістік пайда болады. Яғни, анасына әсер еткен сыртқы соққылардың салдарынан бала ауруға шалдығуы әбден мүмкін. Сондықтан, балалармен күнде жарты сағат уақыт болса да сөйлесіп тұру қажет. Мәселен, балабақшада кіші топқа 15-20 минут, үлкен топқа 25-30 минут уақыт бөлінеді, – дейді ол.
Логопед маманына қай кезде жүгіну керек?
Дыбыс айтулығындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне әсер тигізеді. Осындай себептер бойынша ата-аналар логопед маманның көмегіне жүгінуі қажет.
– Егер бала 2-3 жасында нашар сөйлесе немесе 3-6 жасында баланың сөзі түсініксіз болса, сөйлем құрылымы дұрыс емес болса міндетті түрде логопедке қаралған дұрыс. Сондай-ақ, баланың сөздік қоры жасына сай келмесе, сөзінде етістіктерді, сан есімді, сын есімді сөздерін аз қолданса, сөзінде байланыс болмаса, өлеңдерді нашар жаттаса ата-ана ертерек қамданған дұрыс, – дейді Ақсезім Хали.
Оның айтуынша, ұл балалардың тілі сәл кештеу шығуы мүмкін. Баланың алғашқы сөзі бір жастан асқан соң шығуы тиіс. Міне, баламен нағыз жұмыс жасайтын кез осы тұс екен. Осыдан кейін алғашқы айтқан сөзін үнемі қайталатып айтқызып, өзіне назар аударған соң бала адамдардың ерніне қарап, мимикасына еліктеп, қайталап жүріп, шыныда да үйренгендей болады.
Шыны керек, елімізде тіл мәселесі әлі де ауыр кезеңдерді бастан өткеріп жатқаны айқын. Қазақ тілінің қолданыс аясының шектеу көретінін жастардың тілінен-ақ байқауға болады. Әр баланың тіл мүкістігіне қарай көмек сатылық деңгейде көрсетіледі. Тіл мүкістігінің ең ауыр түрлерінің бірі – афазия. Яғни бала миының зақымдану факторы. Жалпы, әр кезеңнің өзіндік емдеу тәсілі бар. Және оларды бір-біріне араластыруға болмайды.
– Тағы бір мәселе – бүгінгінің балалары ет жемейді, сүйек мүжімейді. Сүйек мүжудің тілдің шығуына үлкен септігі бар. Бұл кезде ауыз қуысының бұлшық еттері ширап, баланың артикуляциясы жаттығады, – дейді логопед. Сондай-ақ, баламен орысша араластырып сөйлесу де кері әсер ететін фактор. Яғни, енді ғана тіл меңгеріп келе жатқан бала ұқсас әріптерді айыра алмай қиналады. Мәселен, «к» мен «қ», «н» мен «ң» секілді. Сондықтан осы айтылған жайттың бәріне ата-ана назар аударып, балаға қатаң қадағалау жасауы қажет. Дейтұрғанмен ата-ананы оңды-солды айыптай беруден шығар нәтиже аз. Себебі, тұрмысты нарық билеген заманда отбасының күн-көрісі бірінші орында. Сондықтан, күн-түн демей еңбек етіп, бала тәрбиесіне көңіл бөлуден кенде қалған ата-аналарды кінәлау артығырақ болар.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
22 мамыр 2018 ж. 6 492 1

Хуантхан Елікжан от 12 қаңтар 2019 19:29
Логопед маман Ақсезім қай қалада жұмыс жасайсыз?